"Атамыз туралы деректі көп іздедік"

"Атамыз туралы деректі көп іздедік"
Фото: www.huhmagazine.co.uk

Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында "Ер есімі – ел есінде" (Мы помним, мы гордимся) атты фото-кітап жарыққа шықты. Фото-кітапқа Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен фотосуреттер топтастырылған. Құрастырушы-автор: Қазбек Бейсебаев.

Кітап аудармасынан үзінді:

Құлбаев Адай

Біз Мақат ауданы, Мақат селосында тұратын Құлбаевтар отбасы атамыз Құлбаев Адайды іздедік. Ол 19 жасар жігіт кезінде соғысқа кеткен.

Біз – Құлбаев Зейіннің немересіміз. Адай туралы ештеңе білмедік, іздеу отрядына бардық. Бірақ еш нәтиже болмады, еш дерек табылмады. 2010 жылдың сәуір айында ғаламторда «Мемориал» сайтынан атамыз туралы дерек тауып, қуанышымызда шек болмады.

Құлбаев Адай – гвардия лейтенанты, 165-ші атқыштар дивизиясы, 562-ші атқыштар полкінің взвод командирі болған екен. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Марапат қолына табысталмаған. 1944 жылы сәуірдің 27 күні Волынь облысы, Ковельский ауданында із-түссіз жоғалып кеткен.

Құлбаев Адай шаңырақ құрмаған, оның жалғыз ғана Құлбаев Зейін деген ағасы болған.

Құлбаев Зейін 1913 жылы автотасымалдау батальоны 127-ші бөлімінің жүргізушісі болған. «Ұлы Отан соғысында Германия түбіндегі ерлігі үшін. 1941-1945 ж.ж.» орденімен марапатталған. 1962 жылы өмірден етті.

Құлбаевтар отбасы

@. @assel_assanova