Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауларына не себеп?!

Жасөспірімдердің өз-өздеріне қол жұмсауларына не себеп?!
жеке
блог

Жалпы,Қазақстан бойынша 200-ге жуық жасөспірім өз өмірлеріне балта шауып жатады.Әсіресе он бес-он тоғыз жастағы,әлі санасы дұрыс жетілмеген,есею үдерісіндегі жас буындардың арасында бұл мәселе жиі кездеседі.Психологиялық тұрғыдан қарағанда,бұл үдеріс кезінде жастар ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін айыра алмай,күйзеліске жиі түседі.Және бұл дұрыс.

  Алайда кейбір ата-аналар түсінбеушілікпен қарап,балаға қысымды одан сайын арта түседі.Жақындарының қысымына шыдай алмаған жасөспірім өз-өзіне қол жұмсағанда ғана барлығы шешіледі деп ойлары анық.Бірақ бұл өте қате шешім екенін сізде,бізде білеміз деп ойлаймын.Өз-өздеріне қол салған көпшілік жасөспірімдердің ата-аналары бұл мәселеге өздерін кінәлап,кейбірі психологиялық күйзеліске ұшыраған адамдарды емдейтін орталыққа жіберілсе,ал кейбірі өлі күйінде табылған.Яғни бір ғана адамның өлімі бірнеше адамның өздеріне қол жұмсауына себепші болуы мүмкін.Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД елдеріндегі статистикалық дерек бойынша Қазақстан мемлекеті жасөспірімдер арасындағы суицид бойынша аса жиі кездесетін ел болып табылады.Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша біздің мемлекетіміз суицид статистикасы бойынша жоғары елдердің үшінші санатына жатады.Бұл дегеніміз басқа емес,өз елімізде теріс әрекеттер жиі кездеседі деген сөз.Шешуі табылмай келе жатырған қайғылы жағдайларға кімді кінәлаймыз?! Ата-ананы?! Жастардың өз ортасын?! Әлде әрқашан барлығынан хабардар ететін әлеуметтік желіні ме?!

   2010-2011 жылғы елімізде жүргізілген жас жеткіншектердің жиі суицидке баратын өңірлерін анықтай келе,зерттеуші ғалымдар бұл іс бойынша жетекші орынға ие бес өңірді атады.Бұлар:Ақмола,Батыс және Шығыс Қазақстан,Қарағанды және Қостанай облыстары.Зерттеу нәтижелеріне сүйене келе,мектеп оқушыларының арасында суицидке талпыныс жоғары сынып оқушыларында жиі кездесетінін анықталды.Суицид жасау тәуелділігі жоғары жасөспірімдерде агрессия көп мөлшерде байқалатынына көз жеткізілген.Жалпы жасөспірімдер арасында өсе келе бөлініс басталады.Яғни,сынып лидері,көшбасшы,әрқашан әркімнің мазағын естіп жүретін оқушылар,оқымыстылар деген лақап атпен бірте-бірте бөліне бастайды. Сыныптастарының мазағына шыдай алмаған оқушы өзіне қол жұмсауға мәжбүр болады.Мұндай жағдайларға ата-ана ғана емес,баланың араласатын ортасы да үлкен рөл атқарады.Менің тәжірибем бойынша барлық сыныпта ешкім назар аудармайтын,мүлде ешкіммен сөйлеспейтін,сөйлесугне талпынса да ешкім оған пысқырмайтын оқушылар болады.Міне дәл осындай оқушылар теріс іс-әрекеттерге жиі барады.Жақында ғана Татарстан елінде мектепте жолында кездескен әрбір адамды атып,мектептің парша-паршасын шығарып,көпшілікке үрей ұялатқан түлек баршамызға белгілі деп ойлаймын.Естуімше ол сол мектепте барлық оқушының мазағына айналып,мұғалім қысымынан амалсыздан тоғызыншы сыныптан шығуға мәжбүр болған.Оның істеген қылығы дұрыс емес.Өз өмірінде болған қиындықтарға өзгелерді кінәлау адамшылдыққа жатпайды әрине.Алайда егер де сол уақытта ол жігітті барлығы қатарына қосып,мектепті де керемет,үлгілі оқушы ретінде бітіргенде барлығы басқаша болар ма еді?! Осы теорияға сүйене келе,әрбір адамның өмірінде өз ортасының да ықпалы зор болатынын түсіндім.Үшінші себеп бұл әлеуметтік желі.Бұл желілерде ешқандай шектеу жоқ болғандықтан,өмірде болатын жағымды,әрі жағымсыз құбылыстар жарияланып отырады.Ал жасөспірімдер көп уақытын телефонға теңселумен өткізетін болғандықтан мұндай әлеуметтік желілерде өз кезегінде зиянын тигізуі мүмкін.Бала жасөспірім шағында әрбір нәрсеге қызығып,тәуелекшіл болып,асығыс шешім қабылдап қойып жатады.Осындай суицид жасаған адамдарды көру арқылы бүл істі өзге жас жеткіншектердің де қайталағысы немесе түсінбеушілігі байқалатын болады.Салдарынан қайғылы көрініске тап болуымыз ғажап емес.Мұны қалай алдын-алуға болады?! Шешімі барма?!

  Қорытындылай келе,*Әрбір істің-қайыры бар* демекші бұл мәселенің де өз шешімі бар.Барлығымыз жұмылу арқылы бұл келеңсіз әрекеттердің шешімін таба аламыз.Менің ойымша алдымен ата-аналар жасөспірім шақтағы балаларына түсініспеушілікпен қарау қажет.Және бір сәт олармен жақын досындай әңгімелесіп,оның өмірінде не болып жатырғанын түсінуге тырысу керек.Егер балаңыздың ортасы өзіне ұнамаса,оны өзге мектепке ауыстырып,барынша бала бабын табу қажет.Әрине,өте қатты жұмсақ та емес,алайда өте қатал да емес.Осы сөздерімді оқып отырған барша жанға бұл сөздерім ой саларлықтай болды деген ойдамын.*Әлемді өзгерткің келсе,өзіңнен баста* дегендей,бір рет берілген өмірімізді адамгершілікті,өзгелерге жылылық ұялатып,барымызша көмек көрсетіп,жақсы мінезбен сүрейік!