Мұқағалиға кітап арнаған Оразақын Асқар
жеке
блог

Мұқағалиға кітап арнаған Оразақын Асқар

Асқарлы ақын Оразақын Асқар Мұқағали Мақатаевқа арнап «Мұқағали мұраты» деп аталатын кітап жазған. Жазылған кітаптың артында ұйқысыз өткен түндер мен қаншама төгілген тер жатыр. Мұны біреуі білсе, біреуі білмес. Әсіресе бір адамға арнап кітап жазу қиынның қиыны. Мұқағалиға арнап жазылған естелік кітап бізге Оразақын мен Мұқағалидың арасы етене жақын екендігін көрсетеді. Себебі кез-келген адам естелік кітап жаза алмайды. Ол үшін кітап авторы ол кісімен естелік жазатындай қарым-қатынаста болуы керек.

Оразақын Асқар кітап жазатындай Мұқағалимен қандай қарым-қатынаста болды?

О. Асқардың айтуынша, оның Мұқағалимен танысқан жылы 1955 жыл болған. Ол кезде Мұқағалидың әлі таныла қоймаған кезі. Себебі ақын одан бес жыл бұрын Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне түсіп, көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты оқуын тастап кеткен. Кейін ауылына қайта оралып, Қарасаздың бастауыш мектебіне орыс тілінен сабақ бере бастаған. Міне, олардың таныстығы Мұқағали мектепте мұғалім болып жүргенде басталған. Оразақын сол жылдары Мұқағалимен кешқұрым серуенге шығып бір жұлдыздың батыстан шығысқа қарай жылжығанын көріп, қарашы дегенде Мұқағали «Өй, ол менің жұлдызым ғой» деген. Кейін Мұқағалидың өлеңдері қытай тіліне аударылып жатқанда Оразақын Асқар да «Мұқағали Қытайға жұлдыз болып барған шығар» деп өз естелігінде жазады. Оразақынның айтуынша, Мұқағали өте мінезді болған. Оразақын ақиық ақынның бойындағы дарынды мойындап, ерекше құрметтеген.

1955 жылы бастау алған таныстық бір-біріне демеу болған достыққа ұласып, бірге биік белестерді бағындыра бастаған. Мұқағали өмірден озып кеткен кезінде де Оразақын Мұқағалидың жары Лашынмен бірге Мұқағалидың 4 томдық жинағын құрастырып, әрі оған өзі редактор болған.  Осыған қарап-ақ біз Оразақын мен Мұқағали достығын өмірлік достық дей аламыз.