Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Өміріңе немқұрайлы қарама!

Өміріңе немқұрайлы қарама!

Өміріңе немқұрайлы қарама!

 

 

 

Бүгінгі таңда суицид күн тәртібінде тұрған мәселелердің біріне айналды. Мамандардың дерегіне сүйенсек, Қазақстан  жасөспірімдер мен жастар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау деректері бойынша алдыңғы шепте тұр.

Елімізбен қатар, Литва мен Ресей де үштіктің қатарына енген. Соңғы жылдары олардың орны кезек-кезек ауысып отырғанымен, тізімнің басынан түспей келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының суицид картасына сәйкес, Қазақстан өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы бойынша ең қауіпті елдердің қатарында. Бұл туралы Информбюро сайты жазады. 1996-98 жылдары елімізде өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары өте жиі тіркелген. Содан кейін көрсеткіш төмендеген. Алайда 2015 жылы қайта өскен. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда 102 902 адам суицид жасап, бақилық болған.
Qamshy.kz сайтының хабарлауынша, әлемде 5 жастан 15 жастағы балалардың суицид жасауы бойынша Қазақстан 9-орында тұр. 15 жастан 29 жас аралығындағы жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы бойынша төртінші орында.
Бұған не себеп? Жасөспірімдер арасында кеңінен таралған бұл дерт туралы не білеміз?

Суицидті мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады :  кәрі адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: «жалғыздар», алкоголь немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар,гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді. Жасөспірімдер мен бозбалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі: реактивті негізделген (қашып кету, суицид), әдетте психиканың зақымдану негізінде болады. Дұрыс берілмеген тәрбиенің негізінде болатын жеке адамның төменгі моральдік деңгейінен болатын түрі (есірткі қолдану, маскүнемдік), биологиялық фактор негізінде болатын потологиялық дерт (садизим). 

Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.Жасырын сиуицид - өмірде әрқайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келгенкүйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.

Қазіргі таңда осы суицидтің алдын алуға байланысты бірнеше іс-шаралар қолға алынуда. Тіпті, Білім және ғылым министрлігі  жасөспірімдер арасындағы суицидті бәсеңдету мақсатында бірнеше отырыстар жасап, алдағы уақытта мектептерде сынып сағаттарынан бөлек ,  курстар өткізетін болып шешімге келді. Айталық , суицид жасаудан Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай облыстары көш бастап тұр.

Оңтүстік Қазақстан облысында 2016 жылы жастар арасында 369 өзіне қол жұмсау оқиғасы тіркелген (228 оқталған, 141-і аяқталған), 2017 жылы 381 жасөспірім суицид әрекетке барған. Оның 245-і оқталған, 136-сы аяқталған. Бұл деректердің адам шошытарлығы рас. Мамандар суицидтің нақты себептерінің 85 пайызы белгісіз күйде қалатынын айтады.

Осы орайда психологтардан суицидке не итермелейтінін, әлімжеттікке ұшыраған баланың мінез-құлқында қандай өзгеріс байқалатынын, сондай жағдайда не істеу керегін сұрадық.

Олар: «бар бастау және себеп – отбасыда» дегенді айтады.
Егер отбасы тату тұрып, бір-бірін қолдап, ашық сөйлесе алса, бала өмірді жақсы көреді. Керісінше ата — анасы ұрысса, әкесі ішіп, анасына күш көрсететін, материалдық жағдайы төмен отбасыда бала өзін кінәлі сезіне бастайды. «Мүмкін мен болмағанда осындай нәрсе болмас па еді» деп өз-өзін жек көруі мүмкін. Немесе кішкентай кезінде көп сын естіген бала да өзіндік «менін» жоғалтып алады екен.Мамандардың сөзінше, қазір ата-аналар жұмысбастылыққа беріліп кеткен. Баласына көп көңіл аудармайды. Әсіресе, қазақ отбасылары балаларымен бірге отырып, ашық сөйлеспейді. Қате істесе, қағып жібереді. Сондықтан, «айтайын десем, қате сөйлеп қоямын ба?» деп именеді. Қатарластарына айтайын десе, олардың да ақыл-деңгейі өзімен шамалас. Міне, осылайша бала тұйықталады.

Иә, "Отан- отбасыдан басталады" демекші отбасында толыққанды тәрбие алып, ата-ана махаббатына бөленген әр жеткіншек қандай жағдай болмасын өз тағдырына өзі балта шаппас еді.

Болашаққа деген сеніммен өмір сүр! Өміріңе немқұрайлы қарама!

 

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 15 қазан 2018, 00:16
Тегтер: суицид , өмір

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.