Бағала оны... бағала
жеке
блог

Бағала оны... бағала

Тағдырдың жазуымен , уақыттың  еншісімен сіз бен біз тағы қауышып отырған жайымыз бар. Осы неге біздің өмірге деген назымыз, шүкіршілігімізден  басым екен? Адам қанша қиналсада, жанындағы жақынына көрсеткісі келмейтіні рас.  Алайда,  іштегі төңкерісті  сыртқа шығару қажет. Қиындыққа мойын ұсынбай, тек алда жүретін пенденің өзі Жаратушымыздың бір күрделі сынағынан өте алмауы мүмкін. Барында бағалай білсек, "өкініш" деген сезім болмас еді. Ешкім ешкімге қастық қылмаса, жылы шырай танытып , мейіріммен қараса , "жек көру , кек" болмас еді. Бірақ əттең...
 Сіз , жалғыздықты сезініп көрдіңіз бе? Егер жауабыңыз "жоқ" болса, өте тамаша, болашақта бастан кешпеңіз! Себебі, ол өте қиын... Кеше жаныңызда жүріп, сізбен сөйлесіп,қалжыңдасып, сырымен бөлісіп езуіңізге күлкі, көңіліңізге шаттық сыйлаған жандардың , көзді ашып жұмғанша теріс айналып,  сізді білмейтін жандай көруі - ол ең ауыр соққы. Психологиялық жағынанда, физиологиялық жағынанда! Өзіңізді "тастанды" ретінде сезінесіз. Мінезіңіз күрт өзгеріп,  ойыңыздан  сол жанмен бірге  өткізген қызықты кездер, тəтті естеліктер , жарқын бейнелер шықпайды. Көзіңді жұмған сайын, киноның кадрларындай  естеліктер өтіп, ыстық тамшы жас бетіңізді бойлай ,жерге тамады.  Сол мезетте жаныңызда демеу болар сүйенішіңіз болмаса , ол соққы 2 есеге күшейе түседі. Сіз, өзіңізді-өзіңіз  одан əрі  қажап, күннен күнге сола бастайсыз. Сізде шағын депрессия. Алайда естен шығармаңыз: сіздің өміріңізге,  əрбір тамшы жасыңызға, сіздің бақытыңызға  100 есе көбірек уайымдайтын жан бар! Хакім Абай : " Тек өзінің  қара  басын ойлаған адам, өзі үшін оттаған хайуанның бірі" - деген екен.  Өз басыңыздың бақыты үшін, оны назардан тыс қалдырмаңыз! Сіз жалғыз емессіз! Күндіз де , түнде де   сізді ой елегінде  сақтап, аман жүруіңізді тілеп, əр  басқан қадамыңызға дұға жасап отыратын пенденің бар екендігін ұмытпаңыз! Жан дүниеңізді мейрімімен толтырып,  теріс айналған жақындарыңыздың  ешбірі  бере алмаған жылулықты, мың еселеп тек сізге төгетін, ешкімге тең келмейтін , 3 əріптің  қасиетті туындысы - АНА,ƏКЕ. Олар барда , сіз 
" жалғыздық" деген ұғымды ұмытыңыз, сіздің ауыз толтырып  айтып жүрген қиыншылықтарыңыз, олардың жоқ екендігін мойындаудың жанында  тырнаққа татымайтын  болмыс .  Ендеше, бақыттыңызды барында бағалап, көзіңіздің ақ пен қарасындай күтіңіз!
Анаңыздың  өтімді ақылымен , əкеңіздің  ақ батасын  алып, өмір өзенінің бақыт қайығында  жүзгенге не жетсін!
Рақмет)))

---------------------------------------------------

Пікірлеріңіз мен үшін өте қымбат!