Соңғы қоңырау
жеке
блог

Соңғы қоңырау

      Шіркін, уақыттың тез өтуін қарашы. Алғаш мектепте аяқ басуым кеше ғана болғандай. Міне, 11 жыл уақыт тез өтіп кетіпті, бізде мектепті бітіріп үлкен өмірге аяқ басқалы жатырмыз. Алдағы емтихандардан сүрінбей өтіп, ҰБТ-ны жақсы тапсырып мақсат еткен оқуымызға грантқа түссек деген арманмыз бар. Ата-анамыз бен ұстаздардың үмітін ақтау ең басты парызымыз. Барлығы кеше ғана болып өткен сияқты ең бірінші бестігім, сабақтан қашқанымыз, директордың өзі бізді ұрысқаны, алғашқы махаббатымыз барлық қызық уақиғалар мектептің қабырғаларының арасында жаңғырып тұрғандай. Баршамыз осы мектепті тез бітір кетсек екен деп асығушы едік. Енді міне мектепті қимай қоштасқымыз келмей тұрғанын қараңыздаршы.

      Үлкен өмірде бізді не күтіп тұрғанын білмесекте, бала жүрегімізбен болашағымыздың жарқын болатынына сеніммен қараймыз. Біз енді мектеп оқушылары емеспіз. Біз-арманына сенетін жас түлектерміз. Ертеңгі күні биік шыңдарды бағындырып, барлығымыз бір-бір мамандық иесі бола алатын жастармыз. Жарқын болшақ бізді күтіп тұр, бізді жеңе алатын ешқандай қиындық жоқ! Мақсатымыз айқын, үміт шырғымыз ешқашан сөнбейтін өр мінезді ұрпақтармыз!