"Терминатор" фильмінің келесі екі бөлімі 2017 және 2018 жылдары шығады

"Терминатор" фильмінің келесі екі бөлімі 2017 және 2018 жылдары шығады

«Терминатор 6» мен «Терминатор 7» фильмдері 2017 және 2018 жылдары шығатын болды, деп хабарлайды британдық Digital Spy ойын-сауық порталы.

Paramount Pictures кинокомпаниясы «Терминатор 5» сиквелы келесі жылдың жазында ғана шығатын болса да, бұған қарамастан келесі екі фильмінің де шығу уақытын айтып үлгерді. Жоспар бойынша, оның біріншісі 2017 жылдың 19 мамырында шығады да, екіншісі 2018 жылдың 29 маусымында көрсетіледі.

Бесінші «Терминатор» АҚШ кинотеатрларында 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап көрсетіле бастайды. Ал Ұлыбританияда бұл фильмнің таныстырылымы ерте болмақ – 2015 жылдың 26 маусымында көрсетілмек. Бұл сериясында Арнольд Шварценеггер басты рөлді сомдаған. Онымен бірге Джейсон Кларк, Джай Кортни, Мэтт Смит, Ли Бен Хон сияқты танымал актерлер ойнайды. Лента режиссері бізге «Тор 2: Түнек патшалығы» («Тор 2: Царство тьмы») және «Тақтар ойыны» («Игра престолов»), «Есалаңдар» («Безумцы»), «Сопрано қауымы» («Клан Сопрано») хикаялары арқылы жақсы таныс Алан Тейлор.

Екі жаңа фильмге келсек, «Терминатордың» жетінші және сегізінші сиквелдарында Арнольд Шварценеггер болмауы мүмкін. Кинокомпания әйгілі актердің жобаға қатысуы жайында ақпарат таратпай отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Арнольд Шварценеггер «Терминатор» фильмінің 1984 жылы көрсетілген бірінші және екінші бөліміне («Терминатор 2: Ғарасат күні», «Терминатор 2: Судный день») түскен. Ол ұл франшизаның «Терминатор: Машиналар көтерілісі» («Терминатор 3: Восстание машин») деген сиквелында басты рөлді сомдаған соң, төртінші бөлімі «Терминатор: Құтқарушы келер» («Терминатор: Да придет спаситель») фильмінде түспей қойды. Бұл фильмде ол тек сандық технология арқылы көрініс тапты. Бірақ көрермендер бұл фильмге жоғары баға бере қоймады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kinokadr.ru

А. Құлтай