"Оңай" мәселесін оңай жолмен шешу қажет.

"Оңай" мәселесін оңай жолмен шешу қажет.
жеке
блог

Қазіргі таңда, қоғамдық көліктердің барлығы дерлік "Оңай" картасы арқылы жұмыс жасайды немесе билет алады. Қазіргі таңдағы "Оңай" билетінің құны-80 теңге. Бірақ қолымызға беретін билетте 40теңге немесе бос қалпы берілетіні мені таң қалдырады. Бұл халықты алдау ма? Халықты алдау арқылы өздеріне қаржы түсіретін көлік қызметкерлеріне жоғары жақтың адамдары жақ ашпайды ма? "Маған дұрыс билет беріңіз"- деп айтсақ, "билет болса болды емес па, тыныш отырыңыз"- деп жауап береді. Жақсы, бұл олардың ақша табуының бір жолы деп білейік. Онысымен қоймай, халыққа дөрекі сөйлеп, аялдамаларды айтпайтынын қайтерсіз. Тоқтаған аялдамада уақытынан көп уақыт бөгеліп, телефонға үңіліп отырып, халыққа барар жолынан кешіктіретіні тағы бар. Қоғамдық көлік барша халыққа ортақ болғаннан кейін, көлік қызметкерлері әрбір адамның тілін тауып, халықтың қатесін сыпайы түрмен айтуы керек деп ойлаймын...