Балам, тоқтай тұршы

Балам, тоқтай тұршы
жеке
блог

Таң рауандап атып келеді, қыстың ызғары тым қатты, қапалақтап қар жауып тұр. Асқақ арманын білім нұрмен нұрландыруға асыққан сабақтастарда мектепке қарай жол алуда, кеудеме тыпыршыған көп арманның тізгінін сығымдап келемін. Шіркін, арман шөлдетіп барасың-ау! Қашан жетермін деген тәтті қиялдың жетегінде келе жатқан мен кенет көз алдымдағы аяғы қос тізесінен қырқылған ананың қайыршыға тиын-тебен беріп, тұрғанын көріп қайран қалдым. Онсызда татымсыз тірліктен қаншалықты миханат көргені - мен мұндалап тұр. Жан дүниемде сұрапыл бір күй туды. Көкірегімді көп ащы ойлар сыздатып, жүрегімді әлдебір беймәлім күш езіп тұрғандай қиналдым. Қалтамды ақтара бастадым.

Амал қанша оқушылық дәуір кедейшілік дәуір ғой. Енді көрмегенсіп бұрыла бергенімде" Балам, тоқтай тұршы!" деген ананың әлсіз даусы мені жалт қаратты. Қолындағы бір парша хатты маған ұсынып тұр ."Аяулы ана, аман-есенсіз бе? Әкем екеуімізді күніге таяқтың астынан өткізетін ана бала екеуіміз тұншыға жылаушы едік, менің сәби жүрегім әкеме ерекше кектенетін отбасымызды жылулық жоқ дерлік еді. Таяқ аз болғандай, інім туылған жылы аяғыңыз үсіктен кесілді. Жалғыз аяғыңыздан айырылсаңыз да, інім екеумізді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай  мәпеледіңіз. Өмірдегі ең биік бақытым өзіңізбен бірге болу. Ең үлкен арманым - сізді қуанышқа бөлеу екенін ұмытпаңыз...". Соңын оқи алмай жылап жібердім. Ешкім елемейтін осы бір мүгедек ананың асқар таудай өр рухтың иесі екенін енді сезінгендеймін. Ананың жанарынан аққан мақтаныш жас өмірде тартқан барлық азабын жуып-шайып кеткендей еді. Ана алдымдағы әбес қылығымнан қынжылып, анамен бірге жылап тұрмын. Өмірді түсінбеппін-ау, ана аяғынан кем болса мен санамнан кем екенімді енді сезіп ұялдым, адамның адамшылдығы -денені билеп тұрған бір жапырақ етте екенін түсінбеппін-ау!