Сезім шырғалаңы....

Сезім шырғалаңы....
жеке
блог

Сезімсізбін,сезімім жоқ жаратқан!
Сезім кілтін баяғыда-ақ жоғалтқам.
Жүрегім емес орнына тас біткен бе?
Адасып қап ол да мені жоғалтқан.

Сезімімнің түк жұрнағы қалмады,
Келгендей боп,тағы мені алдады.
Сенгендей боп,сезіміме мен шіркін,
Бәрібірде алдады ол алдады.

Сезімімді біреу ұрлап әкетті,
Орнына оның тас жүректі әкепті.
Сезімімді біреу тартып алдыма?!
Білінбестен жарқ етті де әкетті.

Сезімімді алмаңдаршы өтінем,
Онсыз дүние мәнсіз,сәнсіз әрі жалған.
Басқа нәрсе алсаңдарда көнігем,
Тек сезімім мендегісі бар қалған.

Сезімсізбін,сезімім жоқ жаратқан!
Сезім кілтін баяғыда ақ жоғалтқам.
Сезімімді қайтарып бер өтінем,
Ендігі әрі мені қайтіп жоғалтпан!

 

Теxникалық аxауларға байланыс шыгып кеткен мақалаларым үшін кешірім сұраймын)))