Бойжеткеннің күнделігі.
жеке
блог

Бойжеткеннің күнделігі.

   Бұл шығарма үлкен өмірге жаңа қадам басқан  сенгіш қыздың қалайша батыл әрі, бақытты  қызға айналғанын көз алдыңа келтіреді.Жан-жақты мәселелерді қозғайтын бұл шығарма кейіпердің жеке күнделігін жазуынан бастау алады. 

Эпиграф орнына.

 "Мен өзгердім.Көп нәрсені түсіндім.Себебі мен,жай ғана бойжеттім.Бұрын бәріне сенгіш,алданғыш едім.Мен басқаларға нені тілесем,оларда маған соны тілейді деп ойлаушы едім.Өзімді пайдалануға жол беріп келіппін.Бойжеттім,енді түсіндім бәрін.Адамдар көп бұл өмірде,бірақ олардың ішінде менің жанымды түсінетін, мені сүйетін,маған сенетіндері аз.Менің мүңымды тыңдайтындар бар,бірақ түсінетіндері аз.                                                                                                                                        Менің үлкен өмірге қадам басқан бір жылымның ішінде өмірден үйренгенім, түйгенім көп болды.Мен өзімді сатып кеткендерге,жанымды жаралағандарға үлкен алғыс айтамын.Тек сендердің арқаларыңда мен өмірдің соқпақтарына соқтықпай,ешкімге алданбай өмір сүруді үйрендім. Өмірдің қатыгездігін ұғындым.Рахмет сендерге!"


Жалғасы бар...