10 минуттық қателіктің кесірі
жеке
блог

10 минуттық қателіктің кесірі

   Қыс  мезгілі  студентке оқу жылының аяқталуымен есте қалады. Емтихандарды тапсыруды емес, ауылға тез қайтуды ойлайтының сәт. Уақыт та санаған сайын өтпей қояды. Барлық емтиханды бітерген соң, бір сәт те қалада қалғын келмейді. Қанша шаң-тозаң болса да, ауылға тезірек қайтуды аңсайсың...

   Сандуғаш қысқы сессияны үлгерімді аяқтап, сағыныш сезімі бойды билеп ауылға қарай бет алды. Үйдегі үлкендерге, сүйкімді кішкентайларға арнап сатып алған, сый-сияпаттар салынған жүк сөмкесі нәзік саусақтарын қиып түсердей, ара кідік ауырсынып қояды.

 Студент болғандықтан қалтаңдағы қаржыңа байланысты жол көлік табу  жолын қарастыратынын сөзсіз. Зу-зу еткен көліктердің санына шектеу қою мүмкін емес. «Мені алып кетіңізші» дегендей қолыңды  көтерсеңде оңайлықпен тоқтағандар көлік саны жоқтың қасы. Сандуғаштың жолкөлік тосқанына 2 сағаттай болды. Қанша уақыт тұрса да бір көліктің тоқтайтынына деген үміт отын сөндіретін емес. Көптен күткен «мазда» маркалы жеңіл көлік тоқтады. Жасы 30-35 шамалы ер адам.

-Қайда барасыз, қарындас? – деді терезесін ашып.

-Сарыбұлақ деген ауылға барам. Алып кете аласыздар ма?-деп қиылып сұрады.

-Біз ол жаққа бармаймыз. Талдықорғанға жол тартып барамыз,- деп терезесін жауа бастады көлік иесі.

- Тоқтаңызшы, мені Сарыбұлаққа қарай бұрылатын жол қиылысында қалдырып кетсеңіз болғаны, әрі қарай өзім амалдап жетіп аламын,  ағатай, - деп Сандуғаш көлікті жібергісі келмей жабыса түсті. Жүргізушінің де көңілі жібіп, ақыры көлікке отырды. Ауылға деген бір тәтті сезім « жүргізуші жылдамдықты үдете түссе екен!»  дегендей қыздың дегбірін қашырып барады. Асығыстық-қырсықтыққа апарады деп кім ойлаған. Ойда жоқта көліктің бір дөңгелегі жарылып қалды. Оны жамап-жөндеп, қайта  орнына салып болғанынша күн де кешкірді.

    « Уақыт жылжыған сынаптай» дегендей күн ұясына батып, аспанда жұлдыздар бір-бірімен жарысып жымыңдай бастады. Біраз жол жүрген соң, көлік Сарыбұлаққа қарай бұрылатын қиылысқа келіп тоқтады. Сандуғаш көліктен түскенде дала қараңғылыққа оранған екен. Жүрегі біртүрлі алабұртып, бойын қорқыныш  билеген ол көлікке қайта отырып, жүргізушіге ауылына дейін апарып тастауды өтінді. Бірақ, жүргізуші жолаушыларды жолда күттіріп қойғанын, енді ол кісілерді үйіне ерте жеткізу керектігін түсіндіріп, Сандуғашты жолдың бойына амалсыздан тастап кетті. Дегенмен, ол да пенде емес пе?... Кішкене жол жүрген соң қызды уайымдап өзі де қобалжи бастады. Жолаушылардың қарсыласқандарына қарамай, көлікті кері шегіндіріп, Сарыбұлақтың бұрылысына қарай тарта жөнелді. Діттеген жерге жетісімен жүргізуші көліктің жарығын қосып, бойжеткен қызды іздеді. Бірақ қыз көрінбеді. Сосын «Жә, жарады, тағы бір жолаушы көлікке отырып кеткен шығар» деген оймен Талдықорған бағытына қарай бұрыла бергені сол еді, анадай жерде қызарып жатқан бірдеме көрді. Байғұс қызды қаңғырып жүрген аш қорқау жарып кетіпті... Асығыстық дүние әрдайым адам баласын күнәға жетелейтіні сөзсіз. Қас-қағымдай ғана уақытын қызға  қимай кешпес қателікке жол қойған жүргізуші жігіт, қыздың өлі денесін көтеріп келе жатып, солқылдап жылап жіберді...

      Қатыгездікке толы қайран дүние-ай!...