"Ата-ана мен баланың бір-бірін кешіре білуі - ғанибет" психологиялық кеңес
жеке
блог

"Ата-ана мен баланың бір-бірін кешіре білуі - ғанибет" психологиялық кеңес

Ата-ананың есейген баласына немесе ересек баланың ата-анаға кешіріммен қарауы аса адам бойындағы қажетті асыл қасиет деп ұғынамыз.

Көңіліңізге ол адамның ауыртпалық түсірген кездері болды ма? Ол ренжіткен адамға әлі де өкпелісіз бе? Кешіру қиын секілді көрінеді... Ендеше психологтар сізге төмендегі іс-әрекетті байқап, тәжірибе жасап көруге кеңес береді.

1. Сіздің жек көретін адамыңыз болса, өткен апта ішінде ренжіткен адамды, ол қалай ренжітті істеген ісін, аты-жөнін түгелдей қағазға жазыңыз.

2. Дәл сол қағазды үйге барғанда көңіл ауыртқан іс ауыр болса, таста үлкен, кішкене болса, кішкентай тасқа жапсыру қажет. Әдетте кейбір адамдар дорбасы тасқа толып, көтере алмауға айналады.

3. Енді көңіліңізге қатты тиген ауыр істі көрсететін тастарды тастаңыздар. Босқа біреудің кемшілігін “қымбат зат” көріп, арқалап жүргенше, оны кешіре білуді үйренген жөн. Өйткені, уақыт өте келе кім болса да бұл ауырлыққа төзе алмайды.

4. Кешірімділік – шаттыққа бастар жол. Кешіре білетін адам – ақылды адам.

Ал, сіз өзгені кешіру үшін қандай амал орындайсыз? Ренжіткен адамыңыз сізді кешірді ме?

                                                   

                                                         Дайындаған: Өтегенова Әйгерім Жаналықызы

 

http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/23365/