Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ғылымның бастауы. Теория және оны дәлелдеу

Ғылымның бастауы. Теория және оны дәлелдеу

Ғылымның бастауы. Теория және оны дәлелдеу

Ғылым-бұл әлем және оның құрылымы туралы білімдерді іздестіру. Әлемнің құрылымын түсіндірудің басқа тәсілдерінен (дін, аңыз-әңгіме, сенімдер, т.б) айырмашылығы, ғылым тәжірибелерге, тексеруші теорияларға (идеяларға) негізделеді.

Ғылым пайда болғанға дейін... Ежелгі адамдар тіршілік қай жерден басталды, неге Күн аспанмен жылжып бара жатқан сияқты болып көрінеді, мұхиттың арғы жағында нелер бар және т.б сұрақтарды түсіндіру үшін ежелгі аңыздарға сүйенген. Осы мәліметтер көбіне діни кітаптардан немесе тексерместен жалған идеялар ойлап тапқан ғалымдардан алынған. Аңыздарды тексеру мүмкін емес болғандықтан, олардың жүздеген нұсқалары және әр халықтың ақиқатқа байланысты өз болжамы (нұсқасы) болған.

                          Жапон халқының мифі бойынша алғашқы арал құдайдың мұхит суын араластыруы                                                                                       арқасында пайда болған

Ғылымның бастауы. Адамдар дүние (әлем) туралы өз идеяларының дұрыстығын тексере бастаған кезден ғылым бастау алды. Солардың ең алғашқыларының бірі, ағылшын дәрігері Уильям Гилберт болды (1544-1603). Ол магнит өрісін көп тәжібибелер жасап, ақыр соңында Жердің орасан үлкен магнит екенін дәлелдеді.

                 БҰРЫНҒЫ ТЕҢІЗШІЛЕРДІҢ КОМПАСЫ. Гилберт Жердің магниттік өрісінен компастың тілі                                                                          әрқашан солтүстікті көрсетеді деп мәлімдеді.

Теорияларды тексеру. Ғалымдар өз жұмысын идеялардан немесе "теориялардан" бастайды. Айталық, сіз суық тигізіп алып, апельсин шырынын ішкеннен кейін өзіңді жақсырақ сезіндің. Сіз апельсин шырыны суық тигеннен жазады деген идеяны ұсына аласыз. Осы идеяны тексеру үшін сен суық тиген адамдарға апельсин шырынын бересің. Егер сол адамдар осындай шырын ішпегендерге қарағанда тезірек сауықса, демек теория расталды.

                                                            Апельсин шырыны

Теориялардың дәлелі. Нашар теорияның бұрыс екенін дәлелдеуге ғалымдардың шамалары келгенімен, олар жақсы теорияның абсолютті дұрыс екенін ешқашан дәлелдей алмайды. Тіпті теория дұрыс сияқты көрінсе де, басқа бір адам болашақта жаңа тәжірибе жүргізуі және оның қате екенін дәлелдеуі мүмкін. Сондықтан теориялар әрқашан теория күйінде қала береді.

                        АТОМДЫҚ ТЕОРИЯ. Материяның атомдардан тұратындығы осы уақытқа дейін сол                                                                                 жай теория күйінде қалып отыр.

Пайдаланылған әдебиет: "Балалардың жаңа энциклопедиясы" ("Алматыкітап" баспасы)

Дайындаған: Атаханов Бөріхан

2
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 09 қазан 2015, 19:50
Тегтер: Ғылым, дін, аңыз-әңгімелер, сенімдер, идея, теория, ежелгі адамдар, діни кітаптар, болжам, миф, жапон мифі, ғылымның бастауы, ағылшын дәрігері Уильям Гилберт, магнит өрісін, тәжірибе, дәлел, теңізшілердің компасы, солтүстік бағыт, теорияларды тексеру, суы

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.