Махаббатпен арнадым...

Махаббатпен арнадым...
жеке
блог

Қалалар әсемдік етпейді ме?

Тамсанам, саған ешкім жетпейтіне.

Бір мекен саған ұнар болса бәлкір,

Сол жаққа ыңғай менде етпеймін бе.

 

Сезімнің сарқыраған бұлағындай,

Бір дәмі қайталабас құмармын-ай.

Сені бір көрсем болды тершең ұстап,

Қалардай неге болар шөлім қанбай.

 

Самалың ессе болды көлденеңнең,

Ұстағанша суығым төңкерілем.

Маған ғана ұнайтын самалымсын,

Сондықтан, айналшықтап өте берем.

 

Жаңбырлау, қара нөсер бүгін таңым,

Айтқандай боласын-ау бұған бағын.

Сендегі ауа райы жаңбыр болса,

Сол жаңбырды мен қатты ұнатамын.

 

Ыстықты көріппедің қыстан сендер?

Махаббат болса егер,

Қысты суық демеңдер.

Себебі, сезімдердің оты шіркін,

Қысыңды жаздан ыстық саған етер.