Бұл махаббат сегіз әріп, бір арман

Бұл махаббат сегіз әріп, бір арман
жеке
блог
Сағат түнгі 10 шамасы, Жібек пен Арман желіде хат жазысып отыр:
 
Жібек: - нестеп жатсыз?
Арман: - сені ойлап отырмын, сен ше жаным?
Жібек: - қойыңызшы, мен жайлы не ойлай бересіз?!
Арман: - не десің барма, күндіз-түні ақ жүзіңді көз алдыма әкелем, қос өрілген бұрымың, ботадай тұнық қара көздерің, шиедейін бал тамған еріндерің, жібектей жұмсақ қолдарың бәрі-бәрі мені сағынтады. Шынымды айтсам сені қатты сағындым.
Жібек: - менде сізді сағындым!
Арман: - суретке түсіп жіберші.
Жібек: - кездескенде көресіз ғой.
Арман: - жіберші деймін.
Жібек: - жарайды.
Арман: - пай! пай! Кімнің кімнің Жібегі?!
Жібек: - Төлегеннің хехе
Арман: - тө жаным әзілдегенді доғаршы.
Жібек: - хмм...
Арман: - ренжідің бе?
Жібек:  - мхм
Арман: - ути пути, гүлім, ханшайымым, күннен де қымбат шырайлым, жұлдыздан жарық періштем сол.
Жібек: - хехе, алдағанды қатырасыз.
Арман:  - жаным, мен ұйқтайын, кешеден бері түсімде сені көріп жүрмін, бүгін кездесуге шақырған едім, кешігіп қалмайын. Сен де ұйықта.
Жібек: хех жындысыз ғой, қайырлы түн!
Арман: саған да!
 
ЕҺ! Махаббат, шіркін! Шыңға шығаратын да махаббат, шыңнан бір сәтте шыңырауға құлататын да махаббат. Лезде қуантатын да сол, қуанышыңды су сепкендей баса салатын да сол.
    Бұрынғының махаббатын Қыз Жібек пен Төлеген, Қозы мен Баян, Ләйлі мен Мәжнүн, Меңтай мен Ербол суреттесе қазіргі таңда бірін-бірі солардай бағалайтын адал махаббатты кездестіру қиынның қиыны. Қазіргі махаббат достық жіберуден басталып, қара тізімнен аяқталады, Ғұмыры 1 апталық, сезімдері кеседегі шәй секілді суып, барлығының жүректері тоңазытқыштағы мұз секілді қатты болып кеткен, бірақ та морт сынғыш. Десек те желі арқылы тіл табысып бақытты өмір сүріп жатқандары қаншама. Бұл махаббат сегіз әріп бір арман демекші, махаббатқа жаны жақын жандарға айтарым, жүрек гүл емес әркімге сыйлайтын, жүрек ол бағасы триллион тұратын асыл тас ешкімге қимайтын, бірақ оны ешкімге қимауға да болмайды, тек шын сенетін, сүйетін серіктеріңізде тапсырыңыздар. Өмір деген теңіз болса, сол теңізде жалғыз жүзгеннен көрі, жұбыңмен өткен әлдеқайда қызығырақ болмақ. Әрине, жалғыздық тек Аллаға ғана жарасқан ғой.  Сіздерге пайғвмбарымыз Мұхәммед (с.ғ.с) мен Айша ( р.а ) анамыздікіндей махаббат тілеймін! Айта кеткен жөн он сегіз миллионға жеттік деп шулап жатырмыз ғой, Аллаға шүкір! Ағалардың әпке-жеңгелердің құлақтарына алтын сырға қазақтар көбейсінші, бір телефонды шұқып жата бермей, үлес қосыңыздар.
 
Өлең жазып, ән салдырған,
Тамсандырған - махаббат.
Күндіз ойда, түнде түсте,
Орын алған – махаббат.
Бұлқындырып жүрегімді,
Тез қақтырған – махаббат.
Күтетінім тек өзіңнен,
Жылы шырай, шапағат.
 
Пай! Пай! Сезім, жүректерді,
Дамылдатқан тезірек.
Махаббатты әуелі біз,
Анамыздан сезіп ек.
Махаббат деп, содан соң да,
Талай жерді кезіп ек.
Махаббат деп, алдамшыға,
Талай жүрек езіп ек.
 
Жас болсам да, жазғым келді,
Махаббат деп, бір дастан.
Махаббат деп, қанша ақын,
Өлең төгіп жырласқан.
Махаббатпен боялғанда,
Көгілдір боп нұрлы аспан,
Жұлдыздар да бір-біріне,
Ғашық болып сырласқан!
 
Автор: Арапханұлы РЫСБЕК