Гран-При. Қалқаманұлы қола үшін белдеседі

О Сансызбай Корреспондент
Гран-При. Қалқаманұлы қола үшін белдеседі

Дзюдодан Астана қаласында өтіп жатқан әлемдік Гран-Придің екінші күнінде жарыс жолына шыққан спортшыларымыздың жолы бола қойған жоқ. Тек, 81 келіде Әзиз Қалқаманұлы ғана қола жүлде үшін белдесуге мүмкіндік алды, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

73 келідегі ерлер бәсекесінде Нұрлан Оразалин бірінші айналымнан аса алмаса, Қайрат Ағыбаев, Арман Махамбетов және Ертуған Төренов екінші айналымда сүрінді. Ал 81 келіде Әзиз Қалқаманұлы ғана қола жүлдеге талатасатын болды. Бекжан Әбдуәлиев, Фархад Розоқұлов пен Эльдар Зәріпханов та қарсыластарына мықтылығын таныта алмады.

Қыздарымыздың бүгін де жолы болмады. 70 келіде Ділбар Өмірәлиева ғана өзге спортшыларымыздан жоғарырақ нәтиже көрсетті. Жұбаныш белдесуге мүмкіндік алғанмен, неміс Варгас Кохқа есе жіберіп алды. 

Әзиз Қалқаманұлының жұбаныш белдесуінен көрініс

Мұрны қанаған неміс дзюдошысы жарысты жалғастыра алмады

Ділбар Өмірәлиеваның жұбаныш кездесуі

Ә дегеннен қарсылас айласын асырып кетті

Автор: Өмірбек Сансызбай

Сурет: @massaget.kz