«Мөлдір махаббат»

«Мөлдір махаббат»
жеке
блог
Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Ғ.М.Мұтановтың "100 кітап, 100 шығарма" бағдарламасы аясы Механика - математика факультетінің информатика кафедрасының ЕТжБҚ мамандығының 1-топ студенттері С.Мұқановтың "Мөлдір махаббат" шығармасына арнап ашық-кураторлық сабақ өткізді. Ашық сабаққа информатика кафедрасының оқытушылары қатысты. Студенттер ашық сабақ барысында əдебиетке деген асқан қызығушылықтарын көрсетті. Əр студент өзінше дайындалып келген. Топ студенті Қасымхан Айзада "Мөлдір махаббат" романының мазмұнын айтып, шығармаға орай студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Мейран Арайлым ақынның өмірі мен шығармашылығына презентация жасап, студенттерге түсіндіріп берді. Утянова Альбина "Мөлдір махаббат" романын бұрынғы атауы "Адасқандар" романымен салыстырып, ұқсастықтарымен айырмашылықтарын атап өтті. Студенттер тақырыпқа байланысты ойындар ойнады. Бұл ашық сабақ арқылы студенттер С.Мұқановтың шығармашылығымен жақынырақ танысып, əдебиетке деген қызығушылықтары арта түсті. Сəбит Мұқановтың "Мөлдір махаббат" романын оқымаған адам кемде-кем шығар. Қазақ əдебиетінің классиксы саналтын бұл лирикалық шығарма оқыған адамды елең еткізбей қоймасы анық. Алда əлі көптеген ақын-жазушыларлың шығармаларымен жақынырақ танысу жоспарда бар. Механика-математика факультетінің студенттері тек есеп жағынан емес, сонымен қатар əдебиет жағынан да мықты болу керек. Қортынды ретінде М.Әуезов атындағы драма теартға барып "Мөлдір махаббат" қойлймын тамашаладық. Авторлар: Кабдрахова С.С., Закарьянова Н.Б., Иманкулов Т.С.