Мен көрген кестедегі махаббат
жеке
блог

Мен көрген кестедегі махаббат

Қыз Жібек пен Төлегенді ең алғаш бала кезімде осындай жапқыштан көрген едім. Сол кезде дастанын оқып, киносын көрмесем де Қыз Жібек пен Төлеген көз алдыма мәңгілік қартаймайтын бақытты қос жандай елестейтін.
 
Нұрбол Ханағат суреті.
 
Ауылдың сұлу қарагөздері кіршіксіз ақ жапқышқа кестелеп, А- дан Б-ға деген жазуы ұлы махаббаттың кіршіксіз бейнесін көрсетіп тұратын. Әр үйдің төрінде тұс киіз де, керме де, жапқышта мәңгілік махаббат белгісі, мәңгілік ажырамас есімдер жазылатын.
Төсектік бер жағында керулі тұрған кестелі керменің де мәні тереңде жатқандай. Иә, оның аты - Керме.

Үй иесі бұл кермені жатарда өзі шешіп, ертесін өзі байлайтын. Бұл мәнді дәстүр.
...Біріміз бұны асығыс ерте шешеміз, кейбірі байлаулысын шеше алмай жүр. 
Ақ жапқышқа кестеленген өрінек Көшпенді даланың махаббат символы болатын.


Жазымыш дейміз...
Кейде тағдыр дәптеріңді өзің жазасың.
Әлқисса ол кез балалықтың бал дәурен кезі еді. Махаббат ұғымын түсіне алмасаңда бір-біріңе деген сезімді сезіне алатындысың. Біз мектептің тоғызыншы сыныбында таныстық, жарастық. Сезімнің жетегі шабыт пен армандарға жетелейтін. Ұялы құрылғының жоқтығы түрлі өлең жолдармен хат алмастыратын. 

«Жүрегім жаным менің сен деп соғар,
Ендігі жарым менің сенсің болар
Өмірде кездескен соң ғашықтар боп
Жүрегім сен демей кім деп соғар»..


Әдетте мектептегі махаббаттың соңғы бекеті мектеп қабырғасын аяқтағасын келетін. Жоғарғы оқу орны... Әр түрлі арман...Өзгеше таңдау табысқан тағдырыңды еріксіз басқа арнаға бұрып жіберетін.
Біз нар тәуекелмен үйдегі үлкендер қарсы болса да Моңғолиядан ЖОО-ға түспей атамекенге бірге жол тарттық. 2009 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының дайындық бөліміне келдік те бір жыл кешенді тестілеуге дайындалып 2010 жылы армандар жетегінде студент болып Астанаға бет алдық. Біз табысқан сәттен бастап арамызды бір өзге қалаға да алыстатып көрмеппіз. Алты жыл астам жүріп жас болсақта бас болдық деп студенттіктің соңғы жылына қарай шаңырақ құрдық. Жемісі де бар.

Иә, уақыт пен жылдар, жолдар, өзгеше орта бізді мың сынады. Тек адам жауапкершілік пен біреудің тағдырын қолыңа алғаныңды толықтай сезіне білу керек...

Нұрбол Ханағат суреті.

Сурет: 10 сыныптың көктемі. 2008 жыл. Бай-Өлке
Ұлттық ғашықтар күні құтты болсын!!!
Басымыздан бақ таймасын!!!