Өткінші сезім
жеке
блог

Өткінші сезім

Әр пенде әр қалай жақсы көреді. Ол ұнатқан адамынан өзін не болмаса, өзінің жанына жақын адамын көруі әбден мүмкін. Ол қандай да бір қылығы, сырт бейнесі(киінгені), бет-бейнесі де болуы ғажап емес. Бір ғана жақсы ісіне қарап ұнататын адамдар да жоқ емес.Көбіне әйел азаматтар естіген жылы сөзге, не өзіне көрсетілген қамқорлыққа ғашық болып жатады. Ал ер адамдар қыздардың қылығына, іс- әрекетіне сүйсінер деп білемін. Менің ойымша, адамның сырт бейнесіне деген сезім өткінші. Ал мінез-құлқына шынайы болмысына деген сезім ұзағырақ болмақ. Ал сіз болсаңыз адамдардың қандай қасиеттерін жоғары бағалап, қай істерін ұнатасыз?...