Жалған намыс жетегіндегі жан

Жалған намыс жетегіндегі жан
жеке
блог

Той мен өлім екеуіне қаражатты асыра пайдаланып жатқанымызды байқасақта, еш мән бермейміз. Алтын сырға, сақинадан басталып, шетелдік әншімен тойға шығындалса, қайтыс болған адамға шетелден құран оқитын адам жалдап, ірі мейрамханада тоймен қатар өткіземіз. Бұл жақсы емес екені айтпасақта түсінікті. « Ананың қызы, мынаның қызы» деген сөзден қорқып, адамзат не жасамай жүр? Екі жастың үйлену тойын жасау үшін қаншама қарызға батып жатыр? Санына шектеу қоя алмайсыз? «Көрпеңе қарап көсіл» деп ата-бабымыз болашақты біліп айттып кеткендей.

Айсұлу мен Айдостың жүргендеріне  жақында ғана 3 жыл болды.  Жанындағы достары олардың махаббатына қызығушылықпен қарайтын еді. Отырыстар да, қыдырғанда да екеуі үнемі бірге жүретін.  Екеуін қашан көрсең де, ұрысқандарын көрмейсін.

Бірде Айдос жұмысынан сұранып, Айсұлуды  саябаққа келуін өтінеді. Ондағы  бар арманым сүйген адамына ұсыныс жасау. Екі ғашық саябақта ұзақ сөйлесті. Сөз соңында Айдос қалтасынан әдемі сақинаны алып  шығып, "менің өмірлік жарым боласың ба?» деп ұсыныс тастады.  Күтпеген жерден жасалған ұсыныс нәзік жанның жүрегін жібітіп жіберді. Ойланбастан «Иә» деген жауап бере салды.

Ата-анасына Айдос деген балаға жақында тұрмысқа шығатынын жеткізді.  Басында ата-анасы қарсы болды. Бұл қарсы пікірді, Айсұлудың қырсықтығы жеңіп кетті. Ақыры, нәзік қыз ұзатылды.

Ендігі кезек жігіт жаққа келді. Бәрі Айдостың тойын жасау үшін қызу дайындыққа кірісіп жатқанда бір жағдайға тап болды. Айдос күзетші болып істеп жүргенде үлкен қаражатты ұрлатып алады. Содан үйіндегі бүкіл затты сатып, үйленетін күнге берілген тапсырыстарды кері қайта алады.   «Жақында үйленемін, ақ көйлек киемін» деген қыздың арманы аяқ асты боларын кім білген?   Бұл жағдай Айсұлудың жанына қатты батты. Енді ата-анасынның бетіне қалай қарарын  білмеді. « Қашып пысып, келген үйің осы ма?» десе, мен не айтамын?» деген ойлар маза бермеді. Ақыры Айсұлу той жасау қамына кірісті. Ақша іздеді, бірақ қомақты қаржы ешкім бермеді.  Айсұлудың бар ойы керемет бағалы, ел көріп әңгіме қылатын той жасау.  Ақыры елдің аузында жүрген «кредит» алудан басқа амалы жоқ сияқты көрінді.

Содан  жеке куәлігімен кредит алу орталығына барып, өзі ойлаған ақшасынан екі есе қылып қарыз алады. Үйіне келіп, Айдосқа той жасайтынын және бұл ақша шетелдегі   ағасы берді және шетелдегі ағасы бергенін айтқанын қаламайтынын бәрін ойластырып айтады.

Қомақты қаржыға байланысты той жасалды. «Лимузин» атты көлікте жалданды. Би биленіп, ән салып,  тойға келген адамдардың езуі жиылар емес.  Сөйтіп, Айсұлудың да арманы орындалды. Айдосты бәрі мақтап жатыр. Қарапайым отбасында бұрын осындай  той болмаған болса, осы жолы болды. Дүркіретіп жасалған  той аяқталды.

Айсұлудың ендігі мәселесі кредитті өтеу үшін  ақша іздеу...  бұл мәселені өзі жалғыз шеше алмайтыны белгілі.  Содан ақыры күйеуіне жеткізеді. Күйеуі бұл жағдайға төзе алмай, өзінің жақсы көрген адамы елдің сөзі үшін алдағанын ойлап ашуға басады. Күнде ұрыс, тапқан ақша үйге емес, кредитке кетіп жатты. Ақыры екеуінің аралары суып ажырасуға әкелді.  Айдос өз жөнімен, ал Айсұлу жалған намыс үшін алған кредитті ата-анасына айтса оларда жек көретінін сезініп, басқа қалаға кетіп,басқа амалы жоқ болып көрінді ме, әлде ауыр жұмыс соңында болғысы келмеді ме, әйтеуір түнгі клубты көбелектің біріне айналды.