О, Махаббат!

О, Махаббат!
жеке
блог

О, Махаббат
Бұрынғысы:

— Қарындас, танысайық…
Рұхсат берсе, танысады.
— Қарындас, хат жызысып,
Хат алысайық…
Рұхсат берсе, алысады.
— Қолыңыздан ұстауға бола ма?
Ұстатса, ұстайды.
Бірақ әлі құшпайды.
— Биге барайық…
Келіссе, барады.
— Билеп алайық…
Билейді.
Бірақ әлі тимейді,
Тіпті бетінен де сүймейді.
Осылай айлар өтеді,
Жылдар өтеді.
Махаббаттың мұз-қар етегі
Жібіп, еріп сала береді,
Оты лаулап жана береді.
Күн қуанып, Түн жұбанып,
Жұлдыздар қол соғып,
Аспаннан ай құлайды.
Мұндай махаббат
Мәңгілік айнымайды.

Бүгінгісі:
Апыл-ғұпыл, тасыр-тұсыр,
Аттарын да білмей жатып,
«Жедел жәрдем»секілді.
Кернейлетіп, сырнайлатып,
Сезімдерін шалажансар
Сақыр-сұқыр бір қайнатып,
Биге шақырмай
Үйге шақырады.
«Күнім»-дейді,
«Жаным»-дейді.
Судыратып жанын жейді.
Сүйгісі келсе, сүйе салады.
Күйгісі келсе, күйе салады.
Лезде үлде мен бүлдеге орап,
Басына бақыт үйе салады.
Жігіті ала салады,
Қызық тие салады.
Артынан: «Бәрі жалған екен
Біздікі жәй, арман екен,
Әтпесе, Махаббат
Баяғыда өліп қалған екен»,-
Деп, өтірік жер тырмалап қайғырады.
әрине, ол махаббат
Тұрақсыз, айнымалы.

Төкен Әлімқұловтың кезінде жазған өлеңі. Бір өлеңмен бәрін де жеткізгендей. Меніңше де, бүгінгінің махаббаты "ТҰРАҚСЫЗ, АЙНЫМАЛЫ!".  

Сіздің ойыңыз қандай?

P.S : Мейлі заман өзгерсін. Адамдар да, сезім де сенімсіз болса да, мен бәрібір мәңгілік айнымайтын махаббатты күтемін! Үмітімді үзбеймін!