ҚЫРСЫҚ ҚЫЗ

ҚЫРСЫҚ ҚЫЗ
жеке
блог

Тағы да кеш. Күндегі әдетіме басып, қалта телефонымды құшақтап, сенің үйінді бетке алдым. Себебім өзіме аян. 
Ауыл кешкі шуға маталған. Өрістен қайтқан мал, іле үріскен иттер. Бір ғана тісі қалған айырмен малына шөп салып жатқан Тоғызханның баласы, каналда шомылып жатқан шет ауылдың "майда-пәшәхтары". Сенің үйіңе барардағы күнде көз алдыма тізбектелетін көрініс. Біршама алыста тұрсаң да осынша жолды артқа тастауға мәжбүрмін. Алдым жаз, масаға да таланамын күнде)))) Мені жіпсіз байлағаныңды сезбейтін де шығарсың? (( 
Сезсең жібіп салар ма едің, кім білсін?! Осыншама қырсық қыз екен деп ойламаппын. Мені сырттан көріп осы неге келе береді деп ойлайтын шығарсың? Батылым жетсе айтар едім-ау. Ақыры өзіңе барып айта алмаған сөздерімді осында жазуды жөн көрдім. 

Оқып отырсаң өтініш: үйіңдегі WI-FI ды қосып қойшы. Мегабайт жоқ өлдік ғой, Вк ға кіре алмай)))