Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / КазНет-тің төрі сенікі, Массагет.кз!

КазНет-тің төрі сенікі, Массагет.кз!

КазНет-тің төрі сенікі, Массагет.кз!

  Зымыраған уақыт. Аумалы-төкпелі дүние ғой, бірде даладағы оттай ұйытқып, бірде сүттей ұйыйтын. Оттай ұйытқыған бір күні еңсем түсіп, есеңгіреп қалғанда жанымды тербеген, көңілімді аулаған, жаныма жалау болған менің ОН.КЗ-ім міне, Массагет.кз болып атауын өзгертіп, отау құрғанына 1 жыл. Былтырғы жылы даурығып-дақпырта "жаңа сайт ашылады" деп күткен сайтымыз Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен қатарласа халық игілігіне жол тартқанда, рас келешегіне күдікпен қарағандардың қатарында болдым. Он.Кз сайтынан айналшықтап шыға алмай, үйренген жерден үміт үзбедік. Жоқ, бертін келе көрпесі кеңге көсіліп, Казнеттің төрінен ойып тұрып орын алды Массагет.кз. "Айқайлап" ашылғанмен орта жолда шатқаяқтап қалатын көп порталдарға ұқсамады, шаңырағы шайқалмай, бүгінде Массагет.кз көптің ыстық ықыласына бөленді. Ауылының бар, қаласының бар, ақылына ісі сай жастарын бір үйдің баласындай шұрқыратып, іші базарға толы алтын шаңыраққа айналды. Себебі, Массагет.кз қазақ интернет порталдарының ішіндегі жастардың қиялында құндақталған асыл дүниелерді ақтаратын, іздегенін оп-оңай алдынан шығаратын, білімін жетілдіріп, мәдениетін өсіруге, ел жаңалықтарын сүйіншілеп жеткізуге әрдайым құмар және сол үшін ерінбей еңбек етіп келеді. Дәйекті де дәмді деректерін тыңдайтын ортаға таңдап тастап, саралап-салмақтай біледі. Еңбектері жанып жүрген қыз-жігіттердің идеялары қашанда креативті. Озық ойлар, тың дүниелер бәрі осында.

     "Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан" дегенді құптаймын. Осы жерге келіп, ішіңдегіні ақтарып, көптің көмегіне зәру болғанда немесе қуанышың мен қайғыңды көтеріп, қолтықтан демеп, қолқалай кететін жақсылар мен жайсаңдарға кезіктім. Бойынан жылт еткен жақсы қасиетін байқаған талай жанға құрметімді көрсеттім.

    Ал, қазір мен үшін жауапты сәт болып отыр. Жер-жаһан бір-ақ күнде жұтап қалғандай жалғызсырағанда бас сауғалап, өзіңнің қызығыңа бөленген әдемі күндердің өтеуін, туған күніңде көсіліп тілек тілеумен өткеремін, Массагет! Әрбір бөлімің мен  айдарыңның жанданып, сені құрушылар мен жасаушылардың алдағы уақытта игі істерінің шарапатын көріп, сенің кеңге қанат жая беруіңе атсалысатын күш-қайраттары мен бағалы бастамалары таусылмасын деп тілеймін. Тепсе темір үзердей тепсінген ұжымың тарқамай, тас-қияға өрлей берсін деп тілеймін! Алдағы уақытта абыройың еселеп артып, парқың биіктей берсін!


Енді төмендегіше тарқатып көрейін:

Массагет.кз.-тің ерекшелігі - тың дүниелерді халыққа ұсына отырып, жауапты қызметкерлер әрбір қолданушыға кеңес беріп, әр тақырыпта жазылған жазбаларда міндетті түрде пікір алмасып, қолданушылардың ауызбіршілігін сақтауда тепе-теңдікті ұстап отыруы.

Массагет.кз маған не берді? - біріншіден көңілді, талантты достар, құрбылармен таныстырып, табыстырды. Блог жазуға машықтандырды. Үлкен ой-пікірді санаулы ғана сөзге сыйдырып, жанға жұғымды етіп, әсерлеп сөйлеудің сырын ұғындырды. Ойға ой қосып, күннен күнге дамып жатқан технологияның қырларына да қанықтырды.

Мен Массагет.кз-ке не бердім? - тұрақты қолданушысы ретінде әрбір бастамасына тілекші болдым. Ауыз толтырып айтатындай ештеңе бере алмадым, бір пайдамыз тиетін күн алда деп ойлаймын. Бастысы ой тұнық, пейіл кең болсын!

Массагет.кз-тің болашағы - бұдан әрі өркендеп, қаймана қазақ жастарының бой түзеуіне баспалдақ болатын үлкен күшке айналады деп сенемін!

Қымбатты Массагет.кз ұжымы және қолданушы достар, Тәуелсіздік күнімен қатар келген 1 жылдық мерекелеріңіз құтты болсын! Ортақ іске атсалысып, жақсы қасиеттеріңіз бен тәуір дағдыларыңызды осында бөлісе беріңіздер!

М Е Р Е К ЕҢ    Қ Ұ Т Т Ы   Б О Л С Ы Н, М А С С А Г Е Т!


24
Рейтинг: +14

Жазылған уақыты: 09 желтоқсан 2012, 06:31
Тегтер: массагет кз, 1 жыл, туған күн, құттықтау, блог, дос, тілек, Нурзия

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.