жеке
блог

Қазіргі таңда қандай кинолар көрермен сұранысына ие?

Адам өміріндегі қызықты оқиғаларды бейнелейтін, тылсым сырларды ашатын, сан түрлі жаннырға бөлінген Киноиндустриясы қазіргі қоғамның ең қызықты саласы.1895 жылы ағайынды Луи және Огюст Люмьерлер ойлап тапқан киноиндустриясы қазіргі таңда жоғары дәрежеге жеткен сала.

Алғашында "жанды фотография" түрінде пайда болған, басқаша айтқанда кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды.

Осылайша, көрініс арқылы дамыған саланың осы күндері алғашқы орнында АҚШ кино компаниялары әсіресе Голливуд кино компаниясы тұр. Күн өткен сайын қарқынды дамып келе жатқан бұл кино өнеріне қойылатын көрермен талаптары да күшейген. Яғни, түрлі жаннырларға бөлінген фильмдер мен сериялдар көрермен көңілінен шығу үшін бұрын сонды ешкім ойламаған дүниелерді жарыққа шығаруда. Қазіргі таңда көрермен сұранысына ие болып жүрген фантазиялық жанныр бойынша алдыңғы қатарда тұрған компаниялар өз өнерлерімен әлемді тәнті етуде. Атап айтқанда «Fox Broadcasting Company», «Marvel», «The Walt Disney Company», «Sony», «Warner Bros», «Paramount Pictures», «DC Comics» кино компаниялары. Маған киноның қай жаннырын таңдайсың десе фантастикалық немесе мелодрамалық жаннырды таңдар едім. Фантастика жанныры бойынша ел назарларын өздеріне аударып жүрген  Marvel, DC Comicsтің «Человек-паук», «Супермен», «Железный человек», «Бэтмен», «Капитан Америка», «Локи» фильм, сериялдары өте танымал болды.

Киноиндустриясында екінші орында тұрған Кәріс дорамалары да өздерінің тұрақты көрермендерін тапқан. Мелодрама жаннырындағы бұл дорамалар пайда болғанына аз ғана уақыт болсада танымалдылығы күн өткен сайын артуда. Осы саладағы KBS World, JTBC, tvN, JTBC, SBS, MBSсынды кино компанияларының танымал болу себебі өзіндік ерекше стилі бар актёр, актрисаларының арқасында деп ойлаймыз. Оған әлемге әйгілі болған «F4», «Хилер», «Чумон», «Гоблин» дорамалары дәлел бола алады. Және осы жылы Оскар жүлдесін алғашқы рет Кәрістің «Паразит» фильмі жеңіп алды. Бұл жаңалық әлем үшін таңғаларлы оқиға болды.

1938 жылы Амангелді фильмінен бастау алған біздің қазақ жаңа кезең басталып киноиндустриясыда қарқынды даму үсітінде. Әсіресе комедия жанныры көрермен жүрегін жаулап, халық көңілінен шығарлықтай сапалы дүниелер түсіріп жатыр. Атап айтқанда «Бизнес по-казахский в Корее», «Кино по понятиям», «Гламур для дур» фильмдері ең танымалдары. Бұл орайда тек біздің еліміз емес бүкіл әлем тамашалаған, қазақ кино өнерін дүйім жұртқа танытқан керемет туындыларымызды айтпай кетпесек болмас. «Жау жүрек мың бала», «Томирис», «Ұлы дала зары» фильмдері қазақ киноиндустриясының биік шыңдары. Тарихтан сыр шертетін бұл фильмдер елдің назарын өздеріне дереу аудара білді. Осы алған беттерінен қайтпай дарынды тұлғаларымыз күш салса қазақ фильмдері де Оскар жүлдесін жеңіп алатын күнде келеріне сенемін.

Ең қызықты блогтар

БАҚ-тағы табиғи апаттарды сипаттаудағы метафораның орны
XXI ғасырдың Абайы
Рене Декарттың туа біткен идеялары мен философиялық ойлары
Суицидтің алдын-алу
Ұлттық таным көрінісі: Ақұштап Бақтыгереева лирикасы бойынша
Ж.Баласағұни пәслапасы. «Құтты білік» - құт қону концепті

Жұлдызды блогтар