"Коконың құпиясының" балаларға берер құндылығы

"Коконың құпиясының" балаларға берер құндылығы
жеке
блог

Туындының басты кейіпкері 7 жасар мексикалық Мигель есімді бала. Оның отбасында атасы эстрадалық мансабы үшін сүйікті әйелі мен қызын жалғыз тастап кеткен. Алайда Мигель Мексикада жыл сайын өткізілетін Өлілер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған музыкалық іс-шараға қатыспақ ниет білдіреді. Яғни бұл күні барша мексикалықтар қайтыс болған туыстарын еске алу мақсатында мазаратқа барады. Бірақ адуынды әжесі Мигельдің қолындағы гитараны көріп, қатты ашуланып, сындырып тастайды. Сол кезде бала оның бабасы Эрнесто де ла Крус атақты музыкант және актер болғанын біліп қалады.  Мигель Эрнестоның табытында сақталған гитараны алуға құқысы бар екенін аңғарып, оны алмақшы болады. Алайда бұл аспап сиқырлы  екен. Оны ұрламақшы болып табытты ашқанда қарғыс тиіп өлілер мекеніне алып кетеді. Артқа қайту үшін Мигель бабасы Эрнестоны тауып, оның алғысын алуы тиіс болады.

   «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген халық нақылы дәл осы туындыға арналағандай. Мультфильмнің әлем халықтары балаларына ұнағаны соншалық кассалық жиналым рекордтарды орнатты. Режиссер Эдриана Молина мультфильм персонаждарына дауыс беруге америка-мексикалық актерлерді шақырған екен.

   Pixar студиясының әрбір туындысы блокбастер сияқты ерекше. Мигельдің өлілер елінде қалу-қалмауы туралы мәселемен қоса, отбасындағы ахуалды дұрыстау басты мәселе ретінде қаралған. Бабасы Эрнестоның өлімінен кейін олардың отбасында Эрнестоның эгоистігі мен отбасылық құндылықтар тоқырауға ұшыраған десек те болады.

  Мигель Өлілер еліндегі оңай өмірді таңдайды ма деген сұрақтар баршамыздың ойымызда тұрды. Ол неліктен тірілер мекеніндегі қиын өміріне оралғысы келмейді? Өйткені оған жеңіл өмір қатты ұнап қалды. Сондықтан да Мигель қарғысты шешуге асықпай, Өлілер мекеніндегі туыстарының жанында қалуды армандайды. Бұл жердегі оқиғалар атақты «Рататуй» мультфильміне қатты ұқсап кетеді екен.

    Мигельдің атасы отбасын музыка үшін тастап кетті. Мигель атасының бұл әрекетін еш құптамайтыны байқадым. «Құпия» мекенде адам қайтыс болғаннан соң да туыстық қарым-қатынас үзілмейтінін аңғаруға болады. Өлілер күнінде адамдар өлген кісілерді есіне алмаса, арғы дүниеден жоғалып кетеді екен. Мигельдің басты мақсаты-атасының жасап кеткен қиянаты мен отбасылық гармонияны қалпына келтіру, сенімге ие болу.

   Мультфильмдегі кадрлер өте тартымды. Латын стиліндегі сұлулық пен эмоциялар көрерменді өзіне баурап алады. Маған мультфильм өте қатты ұнады. Отбасының әрбір мүшелерін кемшілігіне қарамастан жақсы көру мен Өлілерді еске алып, құрмет тұту, Құран бағыштау сияқты құндылықтарға үйретті деп есептеймін.