Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мұра махаббат

Мұра махаббат

Мұра махаббат

Бұл кино жайлы қалай айтуға болатынын әлі ойланып отырмын. Киноны керемет деп айтсам өзіме жасалған қастандық болар, нашар десем Қазақстандық киноның дамуына қарсылығым болып қалар. Сонымен ойым шашырап отыр. 

Бала күнінен жауласып өскен екі ұлдың арасындағы салқындықты жеңу үшін жігіттердің анасы бір қулық ойлап табады. Ол балаларын өздерінің ескі достарының қыздарына үйлендіру. Ана аманатын орындау жолындағы екі жігіттің махаббат хикаясы. 

Сонымен не ұнамады: 

1. Сценарий. Өте жұтаң. Шыны керек қазір не болып не істейтінін білетіндей күй кештім. Сонан соң аяқ асты жиналып түсіре салған дүние сияқты әсер алдым. Киноның айтар ойы түсінікті болғанымен, кино тартпайды. 

2. Актерлар және олардың ойыны. Қазақстандық актерлерге көңілім толмайды, бұл сөзімнің театрдан шыққан актерларға қатысы жоқ әрине. Эмоция жоқ. Эдуард Табишевтың ойыны көңілімнен шықпады, оның жауыз екеніне сенбедім, содан соң күлкісінің жасандылығы ұнамады. 

Мұрат Бисембиннің ойнауы ұнайды, фигурасына сынам, бірақ, бұл рөл ол кісінің рөлі емес. Бұл рөль үшін бірінішіден жасы тым үлкен, екіншіден, Рэкетирдің бейнесінде қабылдап қалғасын, мына рөлдегі сүр бойдақтың рөлі аздап жараспады. Азиза Рыскельдиева, әдемі, қатал қыздың рөлін алған. Сырт бейне күшті келіп тұр, бірақ актриса дым эмоция бере алмады. Қатып қалған ағаш сияқты әсер бар, сонан соң қыздардың әкесін ататын кезде киллер сияқты емес бірінші рет қолына қару ұстап тұрғандай демалуы ұнамады. Негізгі идея бойынша ол киллер ғой, ол неге қорқуы, сасқалақтауы керек? Нұрлан Батыров ұнайды. Оның актерлығын мен эмоциясын қалай бере алатынын білгендіктен одан күшті дүние күткем, бірақ ол да эмоциясын көрсете алмады.  

3. Түсірілім сапасыз. Кешірім өтінем, бірақ солай. кейбір жерлерін көріп отырып камераның қозалысынан басың айналып кетеді. Видеода қанық түстер жоқ сияқты әсер алдым. Нияз Әбдіғапардың алғашқы режиссерлығы екенін білгесін ғана үнсіз отырдым. 

Не ұнады: 

1. Каринаның рөлін сомдаған қыз ұнады. Ашық, еркін. Бірақ рөлі ашылмай қалған. Сонан соң Арман басқа қызды таңдап кеткен кезде ол қыздың неге ары қарай не жасағанын бермеген. Ондай эмоциядағы қыздар үнсіз кетпейтіні белгілі ғой, осы жағын түсіргенде қызық болар ма еді?

2. Альбина Оганесян мен Мөлдір Мекенбаеваның әдеміліктері ұнады. Қылықтары баршылық, алғашқы рөлдері болса да өздеріне берілген рөлді алып шыға алған сияқты. Мөлдірдің джиу-джитсудан чемпион екенін білмедім. 

P.S. киноны кинотеатрға барып көріңіз дей алмаймын. Мұндай фильмдердің түскеніне 2007-2010 жылдары қуанатынбыз, ал қазір біз жақсы дүние түсіруге болатынын білеміз, көргенбіз. Постер мүлдем ұнамады. 

0
Рейтинг: +2

Автор: Айкона Н
Жазылған уақыты: 28 қыркүйек 2017, 11:24
Тегтер: Любовь по Наследству, Мұра махаббат

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.