Apple қыркүйекте iWatch смарт сағатын таныстырады

Apple қыркүйекте iWatch смарт сағатын таныстырады

9 қыркүйек, Apple компаниясының презентациясы күні көптен күткен iWatch смарт сағаты да таныстырылатын болды, деп хабарлайды MacRumors

Macrumors.com сайтының берген мәлімдемесіне орай, Apple компаниясы 9 қыркүйек күні баспасөз мәслихатында iPhone флагманды смартфонының жаңа нұсқасын таныстырумен қатар, өзінің тұңғыш смарт сағатына да анонс жасауды жоспарлап отыр. Ескере кетсек, бұған дейін смарт сағаттарды Samsung, LG және Motorola компаниялары шығарған болатын.

Басында смарт сағаттың нарыққа шығуы қазан айына жоспарланып еді. Дегенмен, смартфонға біріктіріле алатын смарт сағаты бір уақытта жарияланатын болса, онда оған деген сұраныстың бірден арту мүмкіндігі бар. Өткен жылы Samsung компаниясы да Galaxy S5 смартфонын таныстырған кезде, Galaxy Gear смарт сағатын қоса сатылымға шығарған болатын.

MacRumors-тің хабарлауынша, Apple-дің жаңа гаджеті iOS платформасында жуырда қосылатын HomeKit және HealthKit қосымшаларымен жұмыс істейтін болады. Дереккөз ақпаратында смарт сағаттың қай кезден бастап сатылымға шығатыны жазылмаған. 

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.macrumors.com

Ж. Өрісбай