Между нами космос...

Между нами космос...
жеке
блог

Ғарышаралық махаббат. Ең алғаш Марс ғаламшарында дүниеге келген Гарнер анасының өліміне өзін кінәлі есептейді. Он алтыға енді толған бала әкесі Жерде өмір сүретіндігінен басқа ешнәрсе білмейді. Қолында жалғыз фотография мен ғалымдар берген талайларға бергісіз білімділігі бар. Жігіттің дене қысымы Жерде өмір сүруге мүмкіндік бермейді. Алайда ғашықтық үшін қандай қадам жасайды деп ойлайсыздар? Өмірде ғашық болып өлуден артық не бар?

Әке бойындағы үрей. Ананың ер мінезділігі. Колорадо қаласындағы әсем ару. Гарнердің әлемге деген махабаты мен өмір сүруге деген ынтасы. 

Гарнердің Жер ғаламшарына саяхаты немен аяқталды? Бұл өмір мен өлімнің арасы - бір ғана қадамға, бір ғана сөзге байланысты...

Фильм кез келген көрермен үшін нәзік сезім мен жан тебіреніс сыйлайды. Қолдағы поп корнның тауысылғанын сезбей, дәмді слаштан соң сыртқа шықпай отырып, бастысы - бармақты тістелеп отырып көретін кино