Алиса айнаның арғы бетінде

Алиса айнаның арғы бетінде
жеке
блог

"Алиса айнаның арғы бетінде" атты фильмнің кеше Алматыда Есентай СО жабық көрсетілімі өтті. "Алиса айнаның арғы бетінде" - қазақ тіліне аударылған 15 фильм. "Көш жүре келе түзеледі" демекші, киноның қазақша аударымы көңілімнен шыққаны сонша ешқандай кемшілік байқамадым. Бұл жерде режиссер Айжан Жәмшитоваға үлкен рақмет айту керек.

Дауысты дыбыстаған актерлар сәтті таңдалған. Әсіресе, эмоциясы көп Джонни Депті Дәурен Серғазин өте жақсы дыбыстаған, керемет! Екінші эмоциясы көп актриса Хелена Бонэм Картерды Айнур Бермұхамбетовада жақсы алып шықты. Себебі киноның басты кейіпкері Алисадан гөрі Ирацебета екенін көреміз. 

"Алиса айнаның арғы бетінде" киносы Алиса тап болған жұмбақ - қызыққа толы әлемінің тұрғындарының өткен өмірлерін баяндайды. Қалпақшы әке-шешесін тауып, Ирацебетаның басының не үшін тым үлкен болғанынан ақпарат аламыз. Мирананың соншалықты мінсіз еместігіне көзіміз жетеді. Айтпақшы, уақыттың адам болғанын білесіз бе? 

Кино әдемі, түрлі - түсті картина кез-келген адамды өзіне тарта алады. Маған киноның идеясы да ұнады. Адамның уақытты дұрыс түсінбеуі, бағалмайтындығын анық көрсетеді. Қандай жағдай болмасын достық пен жанұя адам үшін ылғи да бірінші орында екенін жеткізе білген. 

Кино 26 мамырдан бастап үлкен экрандардан көрсетіле бастады. Демалысқа шыққан балаңызды қазақ тілді нұсқасына апаруға тырысыңыз, себебі орыс тілді нұсқасынан дыбысталуы кем түспейді. "Қазақ тіліне аударылған киноны көрген бала Джонни Депп қазақ екен ғой, қазақша біледі екен деп ойлайды", - деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек айтпақшы қазақша сөйлеуді өзіңнен баста!