Студенттік өмірдің бір күнінен...

Студенттік өмірдің бір күнінен...
жеке
блог

Құдай-ау, қайда сол жылдар,                                                                                           

Махаббат, қызық мол жылдар?                                                                                           

Ақырын-ақырын шегініп,                                                                                                       

Алыстап кетті-ау, құрғырлар. 

Ойыңа осы өлең жолдары оралып, Әзілхан Нұршайықов атамыздың «Махаббат қызық мол жылдар»  кітабын қолға алып, алғашқы  бетін ашқан сәтте Абай атамыздың осы өлең жолдарын көзбен шолып оқыған  кез келген пенденің ойына жастық шағы мен студенттік кезеңінен естен кетпес қызықты оқиғалары еске оралып , жүзіне бір күлкі оралатыны анық деп ойлаймын. Біз өмір сүретін әлем сан түрлі бояуларға  толы.Оның біз ашып көрмеген сырлары да бізге беймәлім тұстары шексіз екені бізге мәлім болып қала береді. Өмір біз үшін баға жетпес  байлық. Оны бағалап күн кешу  немесе құр сенделіп өткізетін  адам деп аталатын тіршілік иесінің өз қолындағы дүние екені айқын. Өмір атты шексіз теңізде, тіршілік иелерінің өздеріне ғана берілген жүзіп өтер жолдары бар, сол өмір атты теңізде әр пенде , сан алуан қызығы мен қиындығы қатар жүретін оқиғаларды  бастан кешіп күн кешеді. Бірі кей өміріндегі сол қиын оқиғаларды, еске мүлдем алғысы келмесе, бірі өмірінің бір парағында   өткен сол қызықты сәттерін  ұмытқысы келмей, мәңгі жадында сақтап жүреді.  Адам баласы үшін , жастық шақта бастан кешкен оқиғалары қашанда ыстық.Ендеше осы жерден тоқтап , әрі озбай сіздерге студенттік шақ деп аталатын  өмірлік кезеңімдегі екі оқиғаны баяндап бергім келіп отыр...

Күтпеген  сұрақ...

Күз.Қыркүйек айының ортасы тұсы, жатақхана яғни  студенттер үйінің есігінен ұзап шығып,  көше бойындағы қатар тізілген ұзын ағаштар ортасында  аялдап, ағаш бұтақтарынан жерге үзіліп түсіп жатқан сары жапырақтарға көз тастап , мәз-мейрам болып , өзімше  сәнді киінген мен аялдамаға қарай жүріп келе жатырмын. Бұрын көзілдірік тақпайтын мен, өзіме өзгеріс  жасаған кейіпте, бүгін кеше қызығып сатып алған күн сәулесінен қорғайтын, көзілдірік тағып алдым. Жасыратыны жоқ, өзіме қатты ұнаған еді.      Бағыт алған аялдамаға да келіп жеттім. Бір, екі минут өткен соң мен күткен маршрутта келіп жетті.  Күтіп тұрған бейтаныс қала тұрғындарымен қалып қоятын жандай сапырылысып мініп алдық. Оның іші , онсызда  лық толы еді. Бағымызға орай сіңісіп кіріп, әрқайысымыз әр жерге тұрып, орын тапқаны отырып жайғасып алдық. Мен терезе жанындағы орындыққа отырып жайғасып үлгердім. Менің жанымнан бір қадам аттасаң жететін жерде, бір бейтаныс бойы ұзын, жинақы әдемі қонымды киінген, сымбаты келіскен аққұба келген бейтаныс бозбала жігіт , менен көз алмай қарап тұрғанын байқасамда, көрмеген адамдай елемей терезеге қарап отыра бердім.  Маршрут баяулатып тоқтап, кей жолшаушылар түсіп қалып, біз жолды қайта жалғадық. Жаңағы бозбала жаныма жақын келіп , мен күтпеген тосын сұрақты төтесінен қойды.   -Қарындас мұрыныңыз қайда?- деп дым болмағандай айта салып, отырған маған жоғарыдан, ыржиып күліп не дер  екен деп  бақырайып қарап тұр.  Сол сөзді естігендігі , менің түрім бұл-талқан болды да кетті. Бағанағы көңіл күйім лезде ғайып болғандай. Сөйтсем ол маған бағанадан көз тастап, менің көзілдірік астындағы кішкентай пұшық мұрынымды іздеп тұр екен. Оның сұрағын естімеген жандай өзімше терезеге қарап отыра бердім. Ішім-алай дүлей ашуымды, бұлттан жауа алмай тұрған жаңбыр тамшысындай бүгіп отырдым. Мен өзім көздеген жерге жетіп, маршруттан түскен бойда, көзімдегі көзілдірікті шешіп, жол бойындағы қоқыс жәшігіне тастап , кете бардым. Осы оқиғадан соң, көше бойындағы сөрелерде ілініп тұрған  көзілдіріктерді көрген сәтте , жүз қадам әрі аттап айналып өтетін болдым.

Бейтаныс суретші

Универ.Бірінші курс студенттері  312 аудиторияға түгелдей кешікпей жиналып, профессорды күтіп отырмыз. Біреулер қалып қойған лекцияларды көшіріп  әуре болса, біреулері сабақ айтуға дайындалып отыр. Біз күткен аға оқытушыда келіп жетті. Жанынан бөгде бейтаныс сұңғақ  бойлы, классикалық үлгіде ақ жейде мен қара  шалбар киген, жастау келген бозбаланы байқадық. Аға оқытушы екеуі аудиторияға кіріп, ортаға келіп тоқтап, бізге зер сала қарап тұра  қалды. Біз болсақ  бейтаныс бозбаланы зерттеп қарап, көздеріміз соған қадала қалған. Кейбіреуі бізге келген жаңа группалас мүмкін осы шығар деп, қыздар өздерінше мәз-мейрам болып қояды.Ағайдың сөз бастауын күттік. Ағай оның 4 курс студентті екенін айтып, бізден дипломдық жұмысқа байланысты салуға портрет болатын адам іздеп келгенін айтты. Оның кескен келбетті ерекше, қимыл іс әрекетті жүрісі мен тұрысы , сөз саптауы мен анық айқын естілген әдемі үні бізді бірден өзіне қаратып баурап алып үлгерді. Ол сөзін аяқтап, біздің арамыздан өзі суретін салатын тұлғаны іздей бастады. Барлығы көзге түсіп қалуға әрекет жасап әуре бола бастады. Мен үнсіз оның әрекетін бақылап отырған едім. Ал ол кішкене барлығымызды көзбен шолып өтіп, менің жаныма келіп кілт  тоқтап тұрып: Мен сізді таңдаймын-деді. Барлығы үнсіз бізге қарап қалыпты. Ол күлімдеп қарсы болмайтын  шығарсыз деп , менен жауап күтті. Мен таңғалып жауап берейін деп енді оқтала бастағанда, менің орыныма ағай жауап беріп үлгерді.                                                                -Жоқ, әрние қарсы емес, кім  қағазда қылқаламен салынған  суреті болғанын қаламайды дейсің, өзіңмен  бірге ала кетіп, суретін сала бер. Ал біз қалғанымыз  бүгінгі  лекцияны бастайық-деді асығыс. Біз суретшілер қатар жайғасып, сурет салынып жатқан аудиторияға келіп жеттік. Мен оның ізімен ілесіп артынан жүріп келе жатырмын. Ол тоқтап, өзінің құралдары жайғасқан жерге ыңғалайланып отырып, өзінен екі қадамдай жердегі орындықты көрсетіп, сол жерге барып, қимылдамай отыруымды сұрады. Мен айтқанын бұлжытпай орындап, оған қарап үнсіз қимылсыз отырдым. Ол суретін салуға кірісіп кетті. Маған ара-тұра көз тастап қарап қойып, суретімді салып жатыр. Бір жағы түнде дұрыс ұйықтамай , сабақ оқыған менің қатты есінегім келіп, қимылдауға ұялып отырмын. Біраз минуттан соң, қолыман жаймен түртіп оятқан, баяу қоңыр үнді дауыстан орынымнан ұшып түре келдім. Айналама қарасам бәрі маған қадала қарап, күліп жатыр. Жаңағы бозбала суретші болса,  жақсы достар болды деді, сол сөзді естігін соң , қалғандары күлкілерін тыйып, өз істерін жалғастырды. Маған кішкене күліп қарап болған соң, сөзін жаймен жалғап  ол: Сіз күн сәулесі түсіп тұрған жылы жерге отырған соң ұйықтап кеткен сияқтысыз. Мен сіздің суретіңізді ұйықтамай тұрып, кескінін сызып салып үлгердім. Аяқтаған соң, сізге апарып өзім табыстай жатармын, көмегіңізге үлкен рахмет енді сабағыңызға бара беріңіз,-деп сөзін аяқтады. Ұялғанан екі бетім қызарып, басымды төмен салып тыңдап тұрған мен, ол сөзін аяқтаған бойда лезде , аяғым ілініп шалынып , қайта құлап қалмай сол аудиториядан шығып кеттім. Қазір сол сәтті есіме алсам ерекше күлкім келеді.

Құрметті менің оқырмандарым, менің студенттік шақта басымнан өткізген екі оқиғам осылай аяқталады. Ал сіздерге қайсысы көбіріек ұнады?