Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ.
жеке
блог

Түсіндірме жұмыстарын филиал жанындағы Саяси кеңес бюросының мүшесі – Қ.Еркебаев, Шақпақ а/о әкімі – С.Қозтаев жүргізді. Негізгі 5 бағыттан тұратын бұл жолғы Жолдауда «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгерту арқылы ел экономикасына жаңа серпіліс беретін ауқымды жобалар іске аспақшы. Соның ішінде салық, бюджет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала, білім, медицина секілді елдің көкейінде жүрген маңызды салалар қамтылды. Осы Жолдауында айтқандай Мемлекет басшысы үстіміздегі жылдың 20-шы қарашасына кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жайлы Жарлыққа қол қойды. Себебі Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Президентке халықтың жаңа сенім мандаты қажет болды. Алдағы сайлауда Президент мандатының ұзақтығы 7 жыл және бір мерзімге ғана сайланатын болады.
Бұл бастаманың негізі бір жағынан, 7 жыл – кез-келген ауқымды бағдарламаны жүзеге асыру үшін жеткілікті кезең. Екінші жағынан, Президент мандатын бір мерзіммен шектеу Мемлекет басшысының жалпыұлттық дамудың стратегиялық міндеттерін шешуге барынша жұмылуын қамтамасыз етеді.

«AMANAT» партиясы
Түлкібас аудандық филиалы