Атырауда "Жас сарбаз" үздіктері анықталды

Атырауда "Жас сарбаз" үздіктері анықталды
жеке
блог

Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинетінің күнтізбелік жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26-27 тамыз күндері аралығында "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубтарының оқушыларымен және колледж студенттерінің арасында облыстық шатырлық лагері өткізілді.


Мақсаты әскери-патриоттық клубтарының жұмысын жандандыру; салауатты өмір салтын қалыптастыру және каникул кезінде балалар сауықтыру демалысын олардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған.


Шатырлық лагерінің қорытындысы бойынша:
1-орын; Атырау қаласы, Бесікті орта мектеп-интернатының "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының оқушылары
2-орын; Мақат ауданы ,Х.Санбаев атындағы орта мектебінің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының оқушылары
3-орын; Атырау қаласы, Қ.Қайсенов атындағы орта мектебінің "Жас сарбаз" әскери-патриоттық сыныбының оқушылар иленді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Әскери медиа (@as_media2022)

Жеңімпаз, жүлдегер командалар Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының дипломдары және медальдарымен марапатталды.

"Әскери медиа" жобасы аясында әскери салада жүрген сарбаздар, сержанттар және офицерлердің қызметтік борышынан бөлек, қарапайым өмірдегі қызығушылықтары, өмірлік ұстанымдары және елдің дамуына қосып жатқан үлесі жазылады.

Бұл іс-шара "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КеАҚ-тың қолдауымен "Алматы" студенттер Альянсы" корпоративтік қорының ұйымдастырып жатқан "Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу" жобасы аясындағы "Әскери медиа" шағын грант негізінде жүзеге асырылып отыр.