Үздік лингвистті анықтады

Үздік лингвистті анықтады
жеке
блог

       Жақында, киелі саналатын білім ордасы - ҚазҰУ-да, дәлірек, филология және әлем тілдері факультетінде "Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері" кафедрасының ұйымдастыруымен Х республикалық "Үздік лингвист-2019" зияткерлік олимпиадасы өтті. Олимпиада жыл сайын өткізіледі. Алғашында факультеттің 3-курс студенттері қатысуымен 2009 жылы өз жұмысын бастаған еді. Ал, бүгінде бұл шараға республикамыздың таңдаулы университеттерінің үздік деген студенттері қатыса алады. Жоба авторлары - ф.ғ.д., профессор Ж.К. Ибраева мен ф.ғ.к., доцент М.К. Мамбетованың айтулары бойынша, олимпиадаға қатысамын деушілер саны жылдан-жылға артуда. Оған олимпиаданың заман талабына сай түрленіп отыруы түрткі болуда деп санайды ұйымдастырушылар тарабы. 

Ұйымдастырушылар

         Биылғы сайыстың іріктеу кезеңіне ҚазҰУ, СДУ, ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, ТИГУ, ҚазХҚжӘТУ университеттерінен жүздеген студенттер қатысып, санаулы ғана студенттер ақтық кезеңге жолдама алу құқығына ие болды. 

Қатысушылар

         Олимпиаданың ақтық кезеңіне студенттерге арнап V турдан тұратын арнайы тапсырмалар әзірленді. Тапсырмаларды сұрыптау кезінде барынша креативті ойлау бірінші орынға қойылды. 

Қатысушылар

             Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға өз командаларын "бейне материалдармен" таныстыру тапсырылып, сайыс көркін одан сайын қыздыра түсу үшін "Полиглот" кезеңінде шетелдік студенттермен ашық диалог жүргізу арқылы студенттердің шеберлігі анықталды. Осы сайыстарда ҚазҰУ студенттері оқ бойы озық шықса, 2-орынды ТИГУ, ал 3-орынды ҚазМҚПУ студенттері иеленді. Студенттерді ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтар мен дипломдар берілді.