Нашақорлықпен күресуге шақырамын

Нашақорлықпен күресуге шақырамын
жеке
блог

«Қызылорда ОІІД ЕБҚКБ тарапынан жарияланған сайысқа»

Қазақта « Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық-ақ жаулық, үшінші байлық- он саулық» деген қанатты сөз бар. Денсаулық- әрбір адамның ең қымбат байлығы,асыл қазынасы. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ»-деп ата-бабамыз айтып кеткендей, кейбір адамдар өз денсаулығының қадірін ауырғанда біліп жатады. Адамдар жас кезінен бастап салауатты өмір салтын ұстанса, қандай да бір ауруға шалдықпас еді.

XXI ғасырдың ең өзекті мәселесі « ішімдік,нашақорлыққа әуәстену» болып отыр. Жастарымыздың қызығушылығы білім, ғылымға емес күннен күнге есірткіге басым болып барады. Осы қоғам дертінен құтылу үшін барлығымыз жұмған жұдырықтай бір болып, жұмыстар жасауымыз керек. Мен осы жолдауымда жасөспірім балдардың, оқушылардың ата-аналары өз балаларын қадағалап отырса,есірткінің таралуы кішкене болса да азаяр еді. Әрине, есіркіге қарсы күрес бір күндік жұмыс емес. Оны қоғам болып, үлкен-кіші болып белсене жүргізуміз керек. Осы мақсатта атқарылатын ауқымды іс-шараларға белсене ат салысуымыз қажет. Міне біздің бүгінгі  облыстық деңгейде өтіп жатқан « Мен өмірді қалаймын» сайысына қатысып, өз пікірімізді білдіруіміз көптеген жастарға ой тастады деген сенімдемін.  Біз-тәуелсіз егемен елдің ұрпағымыз, ендеше, болашақ қоғамның салауаттылығы әр адамның денсаулығына байланысты сондықтан ғасыр дерті болып отырған нашақорлық ауруының зиянды әдет екенін әр кез жадымыздан шығармайық, достар!

Утегенова Акгул, № 273 орта мектебінің  9 «А»  сыныбы