Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

/userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен "Алматы Студенттер Альянсы" КҚ-ның ұйымдастыруымен 21мамыр күні "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласының талантты жастарына арналған «Дельфий ойындары – 2018» жобасының ашылу салтанаты өтті. /userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

Дельфий ойындараның ашылу салтанатына 500-ге жуық көрермен келіп,  оның ішінде сайыстың əділқазы алқалары: ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Лаки Константинович Кесоглу, 31 телеарнаның бас продюсері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері-Нұржан Жалауқызы, Кинорежиссер, көптеген әлемдік байқаулардың жеңімпазы - Дəрежан Өнербаев, ҚР мәдениет қайраткері - Рамазан Стамғазиев, ақын, "Асыл Арна" телекомпаниясының бас редакторы- Сырым Əуезхан жəне Отандық дизайнер, "Шабыт фестивалінің лауреаты - Дамиля Жұмабек осы жəне өзгеде өнер майталмандары сонымен қатар жастар ұйымдары комитетінің төрағалары, ЖОО белсенді студенттері, демеушілер, ата-аналар мен ұстаздар жəне қатысушылардың жанкүйерлері болды. Ашылу салтанатының тізгінін жас журналистер - Мейіржан Келемеденов пен Салтанат Жакебаева ұстады.

 

Дельфий Ойындарының жеңімпаздары - Шəмшінұр Мекесов пен Аружан Жұмабаева "Дельфий ойындарының - 2018" байқауының жалауын көтерді. Салтанатты шарада өнер жұлдыздары төбе көрсетіп, К5, VOX acapella, Джулия Төлеуханова, Нұрхат Сегізбай сында өнерпаздар өнер көрсетті.

/userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

Бұл жоба еліміздің барлық өңірлерінде жыл сайын дəстүрлі түрде өткізіліп келеді. Еске сала кетейік Алматы қаласының дельфий ойындарының байқауы биыл 17 номинация бойынша өтеді. Биылға жылы бас аяғы Дельфий ойындарына 400-ден аса өтініш келіп түкенін ескерер болсақ, тартысты дода болары сөзсіз.

/userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

Дельфий ойындарының жаңа кезеңі 1994 жылы Халықаралық Дельфилік кеңес құрылған кезде басталды. 19 елдің өкілі Берлин штаб-пәтерінде халықаралық үкіметтік емес ұйым ашуды шешті. Кейінгі жылдары әлемнің көптеген елінде ұлттық Дельфилік кеңестер құрылды. Ал, 2000 жылы 27 мемлекеттің өкілі қатысуымен Мәскеу қаласында бірінші Бүкіләлемдік Дельфий ойындары өтті. Ол ойында 18 аталым бойынша 938 адам бағын сынады. 2005 жылы маусым айында Қазақстанның Дельфилік комитеті заңды тіркеуден өткен болатын. Дельфий ойындары жастардың мәдени жағынан дамуына сүбелі үлесін қосатын, өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық өнерді сонымен қатар ұлттық құндылықты дəріптейтін үздік шаралардың бірі болып табылады.

/userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

Жобаның мақсаты: талантты, креативті, өз ісінің шебер, жас дарындыларын анықтау, оларды республикамызға таныту. Алматы қаласынан үздік шыққан қатысушылар Республикалық Дельфий ойындарына жолдама алатын болмақ. 3 күнге созылған бұл тартысты жоба 23-мамыр күні өз мəресіне жетеді.

/userdata/uploads/u71212/1528052847_l.JPG

0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 04 маусым 2018, 01:04
Тегтер: дельфий ойындары өнер жастар талант шығармашылық

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.