«ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2018» ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ

«ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫ – 2018» ТІРКЕУ БАСТАЛДЫ
жеке
блог

Ойындар мәдени мұраны сақтап, жас таланттарды тауып оларды қолдау, өскелең ұрпақтың тұлға ретінде қалыптасуына рухани, эстетикалық тәрбие беру, мәдени аралық диалог пен ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етуді көздейді. Осы тұрғыда биылғы жылы ұйымдастырылғалы жатқан байқаудың орны ерекше.

Байқауға Алматы қаласының 10-25 жас аралығындағы жастары, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары, колледж студенттері қатыса алады. 16 номинация бойынша өтетін байқаудың нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО, мектеп пен колледж арнайы марапатталады. Байқау жеңімпаздары қаламыздың намысын республикалық Ұлттық дельфий ойындарында қорғайтын болады.

Дельфий ойындарының ашылу және жабылу салтанатын қоса есептегенде ойындар «Алатау» дәстүрлі өнер театрында  2018 жылдың 21-23 мамыр күндері аралығында өтеді. Қалалық байқау жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Ұлттық ойындарына қатысуға мүмкіндік алады. Алматы қаласы жастары арасындағы дельфий ойындары 16 номинация бойынша өткізіледі.

Байқау жайлы ақпаратты төмендегі сілтемеден оқи аласыздар: Алматы қаласы жастарының Дельфий ойындары

БАЙҚАУ ТАЛАПТАРЫ

Дельфийлік ойындардың қалалық кезеңін өткізу ұсынылып отырған техникалық және бағдарламалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық және бағдарламалық талаптар орындалмаған жағдайда қатысушылар ойынға жіберілмейді.

Дельфий ойындарына қатысу туралы өтініштер үлгіге сәйкес 2018 жылдың 15 мамыр күніне дейін Almaty2018delfi@gmail.com электронды почтасына немесе https://goo.gl/forms/OIn6QoiW3vCNYfAs1  қабылданады.

 Тапсырысты төмендегі үлгіге қарап толтыра аласыздар:  Дельфий ойындарына қатысу үшін тапсырыс үлгісі

Толық ақпарат: 8 775 673 10 50; 8 702 586 08 56; 8 707 362 49 04