Каратэден фоторепартаж (арнайы тапсырма)

Каратэден фоторепартаж (арнайы тапсырма)
жеке
блог
Каратэ (жапонша-қарусыз қолмен) қарусыз қорғанудың бір түрі. Қол және аяқпен қарсыласы денесінің осал тусына соққы беруге негізделген. Рюкю топаралындағы Окинава аралдарында XV ғасырда пайда болған. Сол кезде Се Хайси (1740 жыл) қару ұстауға рұқсат бермеген. Ал жергілікті халық сырт жаудан қорғану мақсатында каратэні өмірге әкелген. Қазір каратэнің каратэ-до, шотакан, ситро-рю, годзюрю, вадо-рю, боевое каратэ, джиу-джитсу, киокушинкай, серин-рю, исшин-рю, уэши рю деген турлері бар. Бір-бірінен айырмашылығы кейбір әдіс-тәсілдерді қолданбайды. 
 


   Боевое каратэ-бұл нағыз күрес. Көше күресі емес. Мен каратэнің осы түрімен айналысамын. Біздің федерацияның толық атауы: Общественное объединение Жамбылская областная федерация боевого каратэ и Mix Combat. Федерация басшысы Амалбеков Дастан. 


   Өздеріңіз білетіндей каратисттер бір-бірінен поястары арқылы ерекшеленеді. Шәкірттік дәреже "кю", мастерлік дәреже "дан" деп аталады. Ең кіші кю 10-кю (ақ пояс). Ең жоғары кю 1-кю (қоңыр пояс). 
 


10 кю-ақ пояс 
9 кю- сары пояс
8 кю-қызғылт сары пояс
7 кю-қызыл пояс
6 кю-жасыл пояс
5 кю-күлгін пояс
4 кю-көк пояс
3 кю-қоңыр пояс
2 кю-коңыр пояс
1 кю-тоқ қоңыр пояс. 18 жастан кейін қара пояс дәрежесіне ие болады.
 "Дан" керісінше 1 ден басталып, 10-данға дейін.
 
   Тренерді сэнсэй деп атайды. Біздің сэнсэй Арнұр Рахымжанұлы. Ең мықты сэнсэй. Оның көптеген шәкірттері үлкен жетістіктерге жетіп, еліміздің жас чемпиондары атануда. Командамыздың мақтаныштары, күшті боецтер Назарова Нұрзия (3-кю), Дүйін Ақбота (3-кю), Серғали Нұраділ (1-кю), Нұрбапа Мағжан (7-кю), Арыстанова Айгүл (3-кю), Тәжібаев Бекболат (8-кю). Бір-бірімізді көргенде поклон беріп, "Ос!" деп айтамыз. 
 
    Жарыстан алған орындарымызды Будо паспортқа ( жарысқа қатысып, орын алғанымызды растайтын құжат) жазады. 
 
   Жарыс кезінде мынадай атаулар қолданылады: қой-дайындал, хаджиме-бастаңдар, яме-тоқта, осаекоми-қысу, ұстасу, тохета-ұстасуды тоқтату, иппон-1 ұпай, вазари-жарты ұпай, хиккавека-тең жекпе-жек, чуй-ескерту, хантей-төрешілердің пікірлерін сұрау.
Бәсеке 3 минутқа созылады. Егерде осы уақыт аралығында спортшылар артық ұпай ала алмаса онда жекпе-жекті жалғастыруға қосымша 1 минут уақыт беріледі. 3 рет чуй алған спортшы ойыннан шығып кетеді. Төрешінің бұйрығынсыз татамидан шығып кетуге болмайды.
 
   Қолдың премдары: джебб, хук, апперкот, гяку-цуки, аго-ути, сетэй ути, хаусю ути,аге ука, т.б.
 
Аяққа арналған прёмдер: маэ-гери, маваси-гери, ёко-гери, уширо-гери, т.б.Мен достарымнан неге каратэге қатыспайсындар деп сұрағанымда шпагатка отыра алмаймыз деп айтады. Сэнсэй қинайды, аяғым ауырады деп қорқып жатады.
 
Достарым! Сендерге айтар ақылым ешқашан шпагат ашудан қорықпаңдар. Босқа қорқудың қажеті жоқ. Шпагат ашу сендер ойлағандай қорқынышты емес. Шпагатты ашудан алдын денеңді қыздырып аласын. Жүгіресін, әр-түрлі жаттығулар жасайсын. Сосын бабочкаға, лягушкаға отырасын. Сосын шпагатқа отырасын.
 
Сэнсей жаттығу жасауға буйрық береді: камантэ ( қолымызды жұдырықтаймыз, сол аяқ алдында, оң аяқ артта тұрады), сосын санайды, біз сол кезде жаттығуды қолымыздың бағытын өзгерте отырып жаттығу жасаймыз. Сандары: 
Ич-1              Рок-6
Не-2              Сит-7
Сан-3            Хадж-8
Чи-4              Ку-9 
Го-5               Дзю-10
 
Кидари комантэ дегенде аяқтарымызды ауыстырамыз. Яғни оң аяқ алдыңға, сол аяқ артқа. Осылай тренировка жасаймыз. Негізі қызығушылығы бар адамға кез-келген спорт түрі оңай. Батылдар тәуекелге бел буады. Ал әлсіздер сылтау табады.