Бекхэмның ұлы «Арсеналда» ойнайды

Бекхэмның ұлы «Арсеналда» ойнайды

Лондондық «Арсенал» әйгілі футболшы Дэвид Бекхэмның ұлы Бруклин Бекхэммен біржылдық келісімшартқа қол қойды. Егер 15 жастағы футболшы талантымен танылып жатса, «канонирлер» келісімшартты ұзартуға дайын.

Бруклин Бекхэмге «Арсеналдан» өзге «Челси» мен «Манчестер Юнайтед» те қызығушылық танытқан-ды. Бірақ, жас ойыншы «канонирлердің» жастар құрамасын таңдады. Сонымен қатар, оның інісі Ромео да «Арсеналдың» 13 жасқа дейінгі құрамында өнер көрсетеді. Ал Дэвид Бекхэм болса, үш ұлының да өзінің жолын жалғағанын қалайтынын талай рет айтқан еді. 

Сурет: vk.com

О. Сансызбай