Тағдыр тəлкегіне түсті...

Тағдыр тəлкегіне түсті...
жеке
блог

Міржақып Дулатұлы шығармаларының бірі "Бақытсыз Жамал". 1910 жылы жарық көрген бұл роман жазушының шығармашылық жолындағы ғана емес, бүкіл қазақ əдебиетіндегі көркем туынды болды. "Бақытсыз Жамал" романында ескі əдет-ғұрыптың қармауында қалған Жамалдың тағдыры баяндалады. Сол заманғы халық тіршілігі, сүйіктісіне қосылуды армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы айқын бейнеленеді. Қысқаша мазмұнына келер болсақ...
Жамал - көркіне ақылы сай, сөзге шешен, оқыған қыз. Арасында өз жанынан өлең шығаратын ақындығы да баршылық. Тағдыр тəлкегіне түсіп, байлыққұмар əкесі Сəрсенбай Жамалды байдың топас, нашар жігітіне айттырып қояды. Той жақындап, бас қосар кез таяғанда, Жамал өзі көңіл қосқан, келісті, əдепті Ғали атты жігітпен қашып кетеді. Əкесі мен атастырылған жігітінің адамдары оларды жайына қалдырмайды, ал кейін Ғали ауыр сырқаттан көз жұмады. Сүйгенінен айырылған бақытсыз Жамал барлығына көндігіп, күннен күнге солып, ақыр сонында сүйгенінің бейітіне барып, жылап отырып көз жұмады.

Керемет туындының тереңіне батып, Жамалдың қасыретіне куə болғыныз келсе, сізде оқыныз!