Сыйын маған, Ей, өмір...
жеке
блог

Сыйын маған, Ей, өмір...

   "Сыйын маған,
Ей, өмір, сыйын маған,
Сыйыңды алам мен сенің бұйырмаған!",–деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай,өмірдің бұйырмаған сыйын әлі де аламын. Иә,мен грантқа түспедім.Бірақ басқа жол жоқ деп ешкім айтқан жоқ.Арманымның орындалуына аз уақыт қалды деп жүр едім. ҚазҰУ-ның гранты бұйырмапты.Ал енді әрі қарай не істемекпін?Сосын айтамын оны)))Бұл өмірдің бұдан да басқа қызығы бар. Оны да сосын айтамын)))

         Аршалықтар мені жоғалтқан боларсыздар????Барлығын сағындым...Басымнан неше түрлі қызықтар өтті. Телефонымды суға түсіріп алдым.Сосын грантта жоқ.В өбщім не в тему күндер болып кетті да. Мәәә грантқа түспедім,енді не істеймін деп қайғырып та болдым.Әрі қарай әрекет жасайын дедім.Аршалықтарды тастап кете алмадым.Блог жазу жаныма жақын ғой. Сүйікті ісім десем де болады. Нақтырақ айтқанда,осы арада сүйікті ісіме айналып кетті десем болады. Мақала жазу,журналист болу дегенді енді естігім келмейді дегенім де бар. (Грантқа түспеген соң,ашумен айтып ем...) Бірақ сүйікті ісіңді қалай тастап кете бересің?Қолымнан келмейді екен.

      Өлмеймін,мен өзіңдей асылданмын! Иә,дәл солай.Өлгеннес,өләәәә,өмірімнің бар болғаны 17-жылы өтіп барады. 

   «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп Абай Құнанбайұлы айтқандай,мен де бір кірпішпін. Кетігімді табам да,қаланамын. Мен өзіме сенемін!Мен өмірді шексіз сүйемін...