Латын əліпбиіне көшу-заман талабы(байқау)
жеке
блог

Латын əліпбиіне көшу-заман талабы(байқау)

Өмірлік мақсатым айқындалған сəттен бастап мақсатқа массагетпен алғашқы қадамымды бастаған едім.Демек,бұл байқау менің іргетасым іспеттес.Массагеттік достардан қолдау күтемін.)))
 
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласында қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастау қажеттігін алға тартып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды.»
 
Əліпбиді латынмен алмастырғанда ұтатын жəне ұтылатын тұсымыз қайсы?Бірге сараптап көрейік.
Біздікі емес
Біз пайдаланып отырған əліпби славян халықтарының əліпбиі.1940 жылы кеңес үкіметінің ықпалымен қабылдағанбыз.Бүгінгі таңда түркі халықтарының ішінде бұл əліпбиді қырғыз ағайынмен бізде ғана қолданыста.Нəтижесінде орыс тілінің грамматикасының ықпалындамыз.Айтылу мен жазылу заңдылықтары бүгінде ұмыт қалып,басы артық емлелер грамматикамызды қиындатып жібергендей.
Жаһандану заманында латын əліпбиі технология тілі екені даусыз.Латын əліпбиі арқылы көптеген мүмкіндіктер жол ашар еді.
Таяқтың екі ұшы болады.
Латын əліпбиіне көшу уақыт пен көптеген қаржы талап етеді.Əліпбиді алмастыру оңай жүйе емес.Оған өзбек ағайынның тəжірибесі дəлел.Тоқсаныншы жылдары латын əліпбиіне асығыс көшу салдарынан əлі күнге дейін тұрақтала алған жоқ.Бірнеше рет əліпбиге өзгерту енгізіп,екіжақтытылықтан айрыла алмай отыр.Бүгінде өзбек мектептері латынды оқытқанымен латын əліпбиіндегі  оқулықтар жоқтың қасы.Мекемелер,құжаттар,оқулықтар,кітаптар барлығы дерлік қаражат талап етеді.Тек бұл емес,басты мəселе аға буынға үйретуде болып тұр.
 
Қазақ елін тағы бір үлкен кезең күтіп тұрғандай.