Ең ақылды жануарлар

Ең ақылды жануарлар

Жануарлар әлемі біз үшін таңғажайып жаратылыстай болып көрінетіндігі даусыз. Тіпті олардың кейбір әрекеттеріне қарап бір жасап, көңілденіп қаламыз. Олардың көпшілігін адамдардың қолға үйрете алуының сыры да осында болар, бәлкім?

Сонымен бірінші орында адамға бет пішінімен де, ақылдылығымен де ұқсайтын шимпанзе тұр. Шимпанзе азық іздегенде топпен жүріп, аң аулаудың айла-тәсілдерін ұйымдастыра алады. Олардың басты қабілеттері - қимыл-қозғалыс пен белгілі бір заттар арқылы өз ойын жеткізе білуінде. Ғалымдар олардың мұндай дәрежеге жетулерінің басты себебі - топтасып қатаң ережеге бағынуларының әсері деген байламға келіп отыр.

Құрлықтағы ең ірі жануарлар - пілдер осыдан 20 миллиондай жыл бұрын Африка жерінде пайда болған екен. Піл табиғат аясында азығына қол жеткізу үшін сан алуан тәсілдерді қолданады. Піл миының әр шаршы сантиметрінде жүздеген жасушалар бар. Басының көлемі үлкен болғандықтан есте сақтау қабілеті де күшті. Піл табиғатынан тазалық сүйгіш жануар. Қоректенер алдында ол асын міндетті түрде жуып жейді екен. Ал мұны әрқайсымыз біле бермейміз.

Адамның ең сүйікті досы - дельфиндер ақылдылығы жағынан тек шимпанзе маймылына ғана жол береді. Дельфиннің адамның ғана қолынан келетін іс-әрекеттерді жасай алатын икемділігі бар. Дельфин бір-бірімен іс-әрекет арқылы тілдеседі, өзін айнадан жақсы таниды.

Сондай-ақ ақ тиіндер, қарғалар мен доңыздар, көгершіндер де ақылды жануарлардың қатарында екен.

Сурет: zharar.com

Ж. Исакаев