Мектептегі бір күнім: қауіпті қару

Мектептегі бір күнім: қауіпті қару
жеке
блог

 Оныншы сынып. Еркелікті қойып, он бірінші сыныпқа жаақсылап тұрып дайындалу үшін сыйлыққа берілген жыл екен. Біраақ, пенде шіркін жақсылықты асыра пайдалануға әдеттеніп алғанбыз ғой. Осы оныншы сыныпта түрілі өзгерістер болды. Тоғыз жыл бірге оқыған достарымның біразы оқуға кетсе, қалғанымызды екі сыныпқа бөлді. Бұл өзгеріске көндік. Енді пәндер арасында қандай ерекшелік бар екен деп күтілуде. Ұстазымыз оныншы "а" сыныбына аяқ басқан он оқушыны қатар отырғызып қойып, кітаптар таратты. Он оқушы да сол кітаптардан бір ерекшелік күтіп отыр. Алгебра, химия, тарих, орыс тілі. Барлығы таныс пәндер. Бір сәт........Ағай үндемей тоқтап қалды........ Бәріміз аң-таң........ Ағай жымиып,"Сендер күткен кітап осы болар",- деді. Қандай? Алғашқы әскери дайындық. Барлығы ду ете қалды. Қуаныштарында шек жоқ. Бағанадан бері ерекшелік күткен мендегі жүрек енді үнсіз қалды. Неге екені белгісіз қуана алмадым. Қызық.

 Ал енді сабақ басталған күннен бастап барлығы алғашқы әскери дайындық сабағының басталуын күтті. Алғашқы сабақтар сыныпта жазбаша, ауызша өтеді екен. Қыста ғана қарумен жұмыс бастайды екенбіз. Жо-жооқ. Біздің сыныптың оқушылары қысқа дейін күте алмады. Ақырып ағайды көндіріп, келесі апта қару ұстайтынымызға мәзбіз. Ол күн де келді. Мен, мен бірінші. Сыныптағылар шулап, кезекке таласып жатыр. Менде тағы да қызығыс жоқ. Бірақ осы күнді асыға күткенім рас. Қалай екені есімде жоқ қолыма бесінші нөмерді достарым ұстата салды. Кезек келді. Селт ете қалдым. Қолымда қару. Тура қара, көзде, ат. Тарс ете қалды. Қайда? Қаншаға тиді. Сегіз. Жаман емес. Тағы ат. Енді төртке тиді. Енді соңғы рет. Бұл қаруға бірнеше минут ішінде бауыр басып қалғандаймын. Енді сонғысы деген сөзге, жүрегім дуылдап қоя берді. Ат. Аттым. Қаншаға? Жоқ тимеді, басқа жақа кетті. Ағай сенбеді. Барып қарап көріңдерші. Бір досым жүгіріп барып қарады. Қарады да, сол тұрыста қатып қалды. Дәл. Дәл ортасына тиіпті, Наз. Иә, осылай айқай салды. Бағанадан бері түсініксіз сезімдер қоршап алған мен бір жаңа әлемге еніп кеткендей күй кештім. Қуандым. Жымидым да қойдым. Қаруды орнына қоя салысыммен қайтадан "түсініксіз сезім" әлеміне еніп кеттім. Бұл күн өтті. Енді қысты күтеміз. Қыс бастала салысымен қаруды қайта қолға алар күнді күттік.Бастапқы екі апта ауырып сабаққа бара алмадым. Қаруды бөлшектеп үйренген достарым мәәз. Қуаныштарын әлеуметтік желіге жазып қойыпты. Үйде ауырып жатқан маған да сол сезімдері, қуанышы туралы түрі хаттар мен суреттер жіберуде. Келесі апта сабаққа келдім. Алғашқы әскери дайындық сабағы болмай қалды. ағай қалаға жұмыстарымен кетіпті. Келесі апта да келді. Бұл жолы ағай баар. Бірақ мен жоқпын. Сынып жетекшімнің қағаздарын реттеуге көмектесіп сабаққа қатыса алмадым. Келесі аптада да сол ұстазымның қағаздарын компьютерде реттеп отырып қалдым. Ал мен сабаққа қатысып бастаған күннен бастап қару қолдануды доғарып, жазбаша-ауызша жұмысқа кірістік. Қаруды қолға алып, бөлшектеу енді көктем айына қалды.

 Көктемде алғаш қаруды қолыма алу мүмкіндігі бұйырды. Екі қару тұр екен. Соның бірін таңдау қажет. Біріншісі- жеңіл, тез шашылады. Ал екіншісі- майланбаған. Демек, қатты, шашылуы да қиын болады. Ең қиынынан бастау бұл менің сүйікті ісім. Бірден майланбаған қаруды таңдадым. Бастапқыда ақырын шаштым. Солай-солай үйреніп кетеріме сендім. Ең мықты деген қыздармен қаруды бөлшектеп, қайта жинап жарыстым. Жеңілдім. Жеңілетінім анық қой. Мен енді ғана үйрендім. Ал олар қыстан бері жаттығып қалған.Не бары екі жаттығу сабағынан кейін-ақ үздік қыздардың бірін жеңдім. Мен мақсатыма жеттім. Автоматты бөлшектеп жинаудан мектепшілік, аймақтық, аудандық жарыстарға қатыстым. Және жүлделі орындарға ие болдым. Бастапқыда қанша қызықсам да, ынталана кірісе алмаған бұл істі тез арада үйреніп, ұзаққа созылған мақсатыма да жеттім. Автоматты ату, бөлшектеп-жинауды үйренуге қызығушылық ең бірінші мақсатым болды. Ал түрлі жарыстарға қатысып, жеңіске жету жүре пайда болған мақсатым. Мен бұл мақсаттарыма жеттім. Сондықтан айтқым келетіні, әр істің бұйырған уақыты болады. Асыққан шайтанның ісі. Асықпаған арбамен қоянға жетеді дейді атам қазақ :)