Алапат сезімді бастан өткеріп жүрмін...
жеке
блог

Алапат сезімді бастан өткеріп жүрмін...

  Алапат өмірдегі алпауыт сезім -  махаббат. Сіз үшін де осылай ма? Ал мен үшін махаббаттың орнын басатын ұлы сезім - ДОСТЫҚ. Достық екі адамның арасында болатын сезім. Мектеп кабырғасында жүріп талай рет осы тақырыпта сыр шерткен едім. Әлі де жазып жүрмін. Жаза бермекпін. Кейбір пікірге сүйенсек достық: «Дос болып жүрген екі адамның біріне пайдасын тигізеді, ал екінші адам біріншісінің достық пейіліне адал жауап қайтарады». Демек, бұл достық емес бір тараптан пайдалану деген сөз ғой. Мен бұл пікірмен келіспейтінімді айтқым келеді.                  

    Жазушы, көсемсөзші Әзілхан Нұршайықов атамыз «Қан мен тер» романының екінші трилогиясында Еламанмен Мюлгаузеннің достығы жайында былай деп сыр шертіп еді:     

       « Атасы Еламанға жүзін бұрып былай деді:

    Баяғы  бала кезімде әкем марқұм: «Атты сыртына, адамды ішіне қарап білем»,- деуші еді. Кісі сырын ұғу қиын ғой. Сыртына қарап дос таңдауда қиын. О да бейне мінезін білмейтін шадыр атқа мінгенмен бірдей, қай жерде тулап түсіріп кетеді деп, тақымыңды қысып алғандай шығар.Кісі тілекпен дос болмайды, тең кісілерге достықтың өзі келеді. Ондай дос кайда?!  Өз басым ешкіммен дос болып көргенім жоқ. Тең адам кездеспегеніктен емес.  Оның бір пәлесі дос кісілердің арасында бірдейлік бола бермейді.Олардың да өз арасынан артық-кемі шығып, кемі кіші орнында жүреді.Қиыны осы. ...»      

      Осы сөздерден кейін Еламан біраз ойлаған-ды. Өзінің Мюлгаузеннен кіші орнында жүргенін сезсе де сыр білдірмеп еді. Ақыр аяғында достықтарының соңы төбелеспен аяқталып еді. Еламан еңгезердей жігіт ағасы болғанымен Мюлгаузенге еш әлі келмеді. Соны ойлап өзіне іштей өшігіп енді көрместей болып, жүз шайысты.      

      Ол кездер алпауыт қиын кезең еді. Сондықтан болар, достықтың сыналар шағында екеуі де жаза басты. Қызуқандылыққа салынып көздерін шел басқан-ды. Қазір дәл бұрынғыдай қиын кезең емес. Дегенмен, достық қандай кезеңде де сыналады емес пе?! Менің таңданатыным осы күнге дейін ешкіммен дос болмаппын. Тең адам кездеспегендіктен емес. Адалдыққа қатты назар аударып, достыққа қатал қарайтынымда болар. Достықтың негізгі діңгегі – адалдық пен адамгершілік. Екі ұғым ылғи қатар жүргенімен, бір адам бойында қатар кездесе бермейтіні мені қынжылтады. Доспын деп қасымда жүргендердің талайын көрдім. Талайы сыннан сүрінді. Кейбірі мені жау санап кетті. Әттең, адамның бәріне түсіндіріп жататын достық теорема емес қой.        

     Жә, оның бәрі өткеннің еншісі. Нағыз дос болып қалу үшін кемінде 7 жыл араласу керек дейді психологтар. 5-ақ жыл қалды. 5 жыл арамыздан қыл өтпесе нағыз дос боламыз Массагетім. Саған деген достық пейілім мен ықыласым ерекше.      

   Әлі ешкіммен дос болып көрмеппін деймін-ау. Дәл қазір арамыз алыс болса да ең жақын адамдай болып кеткен бір жан бар. Есімі – Мерей. Үйінің үлкені. Ол қыздың маған қарағанда артықшылығы басым. Мен кіші орнындамын дей алмаймын бірақ. Себебі, екеуіміздің арамызда түсіністік бар. 6 жылдан соң нағыз дос боламыз деп әзілдесіп қоямыз. Достық жайындағы пікіріміз де бір жерден шығып отырады. Осыдан болар, оған деген сенімім артып келеді. 6 жылда талай нәрсе өзгере жатар. Бірақ оған деген сенімім сол қалпында қаларына күмәнім жоқ.    

    

    Айтпақшы, осы байқау барысында маған ерекше әсер етіп, мені баураған жан бар. Ол кемеңгерлік – Айдана. Кітапқұмар жаны сәбидің көңіліндей кіршіксіз таза. Даусы құлаққа жағымды. Айтқан сөзі жүрекке қонымды.   Ал сіздің достық жайындағы пікіріңіз қандай?