жеке
блог

Өзге тілді жылдам меңгеру үшін...(байқау)

 Көп тілді білу - заман талабы.«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,-деп елбасымыз атап көрсеткен болатын. Ана тілін жетік меңгерген әрбір тұлға өзге тілді үйренуге де ұмтылары анық. Бір емес, бірнеше тілді қатар меңгерген болсаңыз сіздің жолыңыз болды. Қазіргі қоғамға дәл сіздей тұлға өте қажет. Ал егер тек ана тілімен ғана шектеліп қалған болса ше? Алдыңызға мақсат қойып өзге тілдерді де үйренуге кеш емес.

 "Мақсатыңа Массагетпен бірге жет" байқауында ағылшын тілін және кәріс тілін үйренсем деушілер өте көп екенін байқаған боларсыз. Мен де солардың қатарынанмын. Мен осы екі айда ағылшын тілінен сөздік қорымды дамытсам деп отырмын. Мен ол үшін не істеп жатырмын? Ағылшын тілін қалай тез үйренуге болады? Қандай нәтижеге қол жеткісзе алды? Осы сұрақтарға жауап берсем деймін.  1.Ағылшын тілін үйрену үшін барып жүрген курсымды қайта бастадым. Жетекшімнің көмегі арқылы төрт сабақтан кейін-ақ 1100 сөз жаттап алдым. Кез келген жұмыста өзіңнен артық білетін адамнан кеңес сұрай отырып, жұмыс жасасаңыз үздік нәтижеге қол жеткізе аласыз. Кез келген тілді арнайы курстардан үйрену бұл өте тиімді тәсіл.

 2.Ағылшын тілінде өмір сүру. Қалай дейсіз бе? Өз бөлмеңізге арнайы бір тақта қойып, сол тақтаға түрлі ағылшын тіліндегі сөздерді жазып қойыңыз. Қазақ тілінде аудармасын жазу не жазбау өз еркіңізде. Өзіңізге қолайлы әдісті пайдаланыңыз. Бөлмеңізге әр кірген сайын ол сөздерге көзіңіз түсіп, ең соңында ол сөздер санада мықтап сақталып қалады. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен телефоныңыздағы түрлі қосымшаларды ағылошын тіліне ауыстырып қойыңыз. Түсінбей қаламын деп қорқасыз ба? Түсінбесеңіз тіпті жақсы. Сол түсінбеген сөзіңізді арнайы сөздіктен іздеп, тауып, әлгі тақтаға жазып қойыңыз. Енді түсінетін боласыз.

 3.Біз достарымызбен сөйлескен кезде орыс тілін араластырып қолданамыз. Ол рас қой? Мойындаңыз. Енді неге ағылшын тілін араластырып сөйлеп көрмеске. Бірақ біздің таза ана тіліміздің құндылығын жойып алмаңыз. Әлеуметтік желілерде досыңызбен бір күні қазақ тілінде, екінші күні ағылшын тілінде сөйлесіп көріңіз. Бір-біріңіздің қателеріңізді түзеп, тілді дамытуда үлкен жетістікке жете аласыз. Бұл тәсілді пайдалану үшін әрине сөздік қорыңыз мол болуы қажет.

 4.Ағылшын тілінде ән салу. Ағылшын тіліндегі әндерді көбірек тыңдауды әдетке айналдырыңыз. Ол ән құлағыңызда жатталып қалады. Сосын ол әнді әуелете шырқай аласыз. Бұл әдіс өте көңілді болады. Байқап көріңіз, өкінбейсіз. Ал сол әндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару сөздік қорды дамытудың үздік жолы.

 5.Ағылшын тілінде кітап оқыңыз(немесе газет-журнал). Кітаптың пайдасы өте мол. Ағылшын тілінде кітап оқу арқылы тіліңізді жаттықтыра аласыз.

 6.Алдыңызға мақсат қойыңыз. Ағылшын тілінде еркін сөйлеу. Арманыңыздағы жұұмысқа орналасыу. Сіз армандаған қалаға саяхаттау. Өзіңізді жігерлендіре отырып, мақсатыңызға жетесіз.

7.Ниет. Егер шынайы ниетіңіз болмаса сіз бұлардың ешқайсысын да орындай алмайсыз. Ал сіз алдыңызға мақсат қойдыңыз ғой. Нинтіңіз де бар. Сол ниетіңіз орындалсын. Мақсатыңызға жетіңіз. Әрекет етуді қазірден бастаңыз. Сәттілік!

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі