Жыл жаңалығы (бақау)

Жыл жаңалығы (бақау)
жеке
блог

Осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болса да, дәл осы жылы сұранысы арта түскен "спиннер" ойыншығы қауіпті ме? Ол шынымен де "антистресс-ойыншық" па?

Спиннер – саусаққа арналған мини-жаттығу құралы.Оны екі саусағымызбен ұстап, сыртқы бөлігін айналдырсақ екі минут шамасында тоқтаусыз айналып тұрады.(спиннер ойыншығының дәурені болып тұрған кезеңде бұл ойыншықты қалай іске қосу керектігін түсіндіргеннің өзі күлкілі. Қазірде спиннерді іске қосуды білмейтін адам кем де кем. Солай емес пе?)Спиннердің негізгі атауы «Fidget spinner». Ал оның қазақша баламасы қалай? Ұшқалақ адамдарға арналған ойыншық. Иә, қазақ тіліне тікелей аудармасы осылай. Бұл ойыншықтың ерекшелігі қолданушылардың жасына шектеу қойылмайды. Кез келген адам пайдалана алады. Қол, саусақ буындарына жаттығу жасауға ыңғайлы. Сондай-ақ, стресстік жағдайдан арылуға көмектеседі, ашуланған сәтте сабырға келуге, толқу сезімін жоюға ықпал етеді дейді. Бұл пікірдің шын-өтірігіне көз жеткізгім келді. "Спиннерді ойнамаңдар",- деп, жар салып жүрсем де, туыс-туған бауырларым бұл сөзге назар аудармады. "Осы ойыншық шынымен де стресске қарсы ма? Сонда жүйке жүйесін реттейтін не сиқыры бар екен?" деген ой мазалап, мен де бұл ойыншықты пайдаланып көрдім. ЖОҚ!!!ЖОҚ!!!ЖОҚ!!!ӨТІРІК! Керісінше, алғашында ол ойыншықты айналдыра алмай әбден ызам келсе, қол үйренгеннен кейін кенет тоқтап қалып, не қолымнан түсіп кетіп әбден ашуымды әкелді. Сонымен "Спиннер стресске қарсы құрал емес" деген тұжырымға келдім.
 Спиннер ойыншығы металдан, ағаштан, плстиктен немесе бірнеше металдың қосындысынан жасалады. Бірақ қазіргі кезеңде қоғамдағы пысықайлар қауіпті, кезкіш құралдардан да спиннер жасап жатыр. Тек жасап қойған жоқ, оны жарнамалап және соның зардабын тартуда. "Көз қорқақ, қол батыр" дегенді орынсыз пайдаланғандар ақ халатты абзал жандардың жанынан бірақ шығуда.
 Жауапты ата-ана қауіпті ойыншықты ешқашан баласына ойнатпайды. "Таза металдан жасалыпты, еш зияны жоқ, қолды кеспейді екен. Осыны ойнауыңа болады" дейді кейбір ата-аналар. Ескертейін, металдың да қауіптісі бар.
 Қазір әлеуметтік желілерде "спиннер антистресс құрал емес, Мұсылман қауымды күйзелістен құтқарудың жолы тасбих(тәспі) тарту" деп жар салуда.Спиннер емес асық ойнаңдар дейтіндер де жетерлік. Бірақ, бұл спиннер атты қаупті ойыншықты ойнау тоқтатылар емес. Бұл спиннер қазірде жыл жаңалығына айналып үлгерді. Қазақ балалары да осы ойыншыққа құмар болып жүр. Бұл ойыншықпен ойнаймыз деп өз өмірлеріне қауіп төндіріп алмаса екен деймін. Әрбір ата-ана баласына ойыншық таңдарда қауіпсіздігі мен пайдалылығына жүгінсе деймін.