Марат Жыланбаевты білесің бе?(Байқау)
жеке
блог

Марат Жыланбаевты білесің бе?(Байқау)

Марат айтқанынан қайтпайтын өте өжет бала еді.Сабақты да жақсы оқитын.Бірақ дене тәрбиесі сабағында басқалардан оқшауланып, әлгіндегі жарыстан жеңіліс тапқаны,намысын шоқтай қарып,күйдіріп отырды. «Неге осыншама жайбасар болдым екен»-деген ой қажап жеп бара жатқандай.Осы кезде «Балалар ,жарыс аяқталды,үйлеріңе қайтыңдар»-деген дауыс естілді.Бәрі үйлеріне қайтты.Марат еңсесін тік көтерді де «келесі жарыста мен жеңемін!»деп өз-өзіне уәде берді. Ол күн сайын жаттығулар жасап,турникке тартылуды әдетке айналдыра бастады.Сөйтіп төрт-бес күн өтті,алтыншы күні қолына жаралар шыға бастады,жетінші күні жаралары қан болып ақты.Бүкіл денелері сыздап ауыратын болды.Ол ештеңеге қарамады,марафоншы болу басты арманына айналды.

Міне,келесі жарыс та келіп жетті.Балалардың барлығы жиналды. Мұғалім: –Дайындал,жүгір!-деген кезде бәрі лезде жүгіре жөнелді.Бұл жарыста Марат өз-өзіне берген уәдесін орындап жеңімпаз атанды.

Көп жылдардан соң Марат адам сенгісіз жетістіктерге жетті.Ол әйгілі желаяқ марафоншы,әлемнің ең үлкен шөлдерін жүгіріп өткен жер бетіндегі жалғыз адам болды.Сахараны Гардаядан бастап,Нигерия шекарасына дейін 1700 шақырымды 24 күнде жүгіріп өтіп Лондондағы Гиннес рекордтар кітабына енді.Ол «Рекордтар орнатамын,шөлдердің бәрін жүгіремін» деп бастап кеткен жоқ.Бірінші зерттеу жүргізді,яғни,үлкен саяхатшылардың кітабын оқыған,содан соң осындай жетістікке жеткен.Мараттың ендігі арманы-марафоншылар мектебін ашу!

Бұл өмірде мақсаты жоқ адам болмайды.Мақсат болған соң оған жет!