I` am singer koi kezekte (байқауға)

I` am singer  koi kezekte (байқауға)
жеке
блог

                         I` am singer  koi kezekte

Әу демейтін қазақ жоқ шығар... Шынында да мына заманда жоқ-қо.

Жазың күні ауылда менен асқан әнші жоқ. Иә-иә шын айтам! Құр өлең жазады деп жүргендер, менің әнімді естісе Қытай сахнасында дара Димаш ән айтқанда қытайлықтар қалай болды, дәл солай болады ғой... Тағы болса, біреудің әнін айтпаймын, қырда бір өзің ойыңа түрлі өлең шумақтары оралып, тіліңе бір әуен маза бермейді.  Ал айтып көр... Айналаңа бір-екі рет қарап алып, мхмхм деп көкіректі көтеріп, даланы әнге орайсың.

Хммм.... Мынау қайдан шыққан әнші деп отырған боларсыздар?  Негізі жарты жыл вокалға, екі жыл хорға қатысып келе жетқан баламын. Музыканы түсіну бар да, сезіну бар демекші... білген-түйгенімізді  еске түсіріп отырмасақ, ұятты!  Бірде боз даланы боздатып, жотасынан мұң ағызып, қоңыр әнді салмасым бар ма!?  Биік Қызыл  жар деген  жарға шығып алып, "Ахохоу.... " деп тұрсам артымнан екінші дауыста "Мһәһәәә..." деп  ақ ешкілер қосылып қояды.   Өз-өзіме шыныда да, ән айтсам болады екен ғой, неге айтпағам бұрын, айтсам бұлай жүрмес едім.   Содан? Не содан, ән айттым! Қалай? Тыңда!

Шілдеде қырда жүр-іп қой баға-мын,                                                                                                   Бастаудан, жаңа түсіп су алғанмын.                                                                                                Барлығы осы қой-дың, менің-кі бол-са,                                                                                          Шүкір деп, бала-дайын қуанамын.... осылай  шырқап тұрсам, артымда  ешкі-лақтар оркестр анда-санда "Мһәһһәәә" деп қояды.  Дауысым көпшілікке ұнаған ба,  қойлар таң қалаып "Мәәә" күшті-күшті дегендей. Оларды қойшы... желді айтшы! Шөптер ше, оййй тура бір хан алдында өнер көрсеткендей қайта-қайта шапалақтап кешкі 8-де үйге қайтқанша, құрмет көрсетумен болды.

 

Т.С.Т.  ауылды сағынғанда, қарапайым баланың айтатын әнін сағынамын... Қой кезек бақсаңыз, пікірге қызықты сәтіңізді жазыңыз!