Шілдеде туған- шыдамсыздардың бірімін...

Шілдеде туған- шыдамсыздардың бірімін...
жеке
блог

                    Армысыздар, құрметі Массагетік достарым! Мен Кемеңгерлік Әселмін.

      Шілденің қапырық күндері өтіп жатыр. Десе де, бұл ай маған ерекше ұнайды. Менің шыр етіп дүние есігін ашқан айым осы - шілде. Көзді ашып-жұмғанша балалық артта қалып, жеке куәлік алатын жасқа да жеттім. Құлдық жалғаудан құтылып, әкемнің тегіне өтетін күнді асыға күтіп жүрмін. Күткен сайын шыдамсызданып барамын. Уақыт тез өтсін деп кітап оқимын. Әбдіжамал Нұрпейісовтың "Қан мен тер" романының бірінші кітабын аяқтадым. Енді, екі кітабын аяқтап шыққан соң басты мақсатым орындалып бұл шығарма туралы өз ойымды, пікірімді жазатын боламын.

 

     Ал қазір төте жазу әліпбиін үйреніп жатырмын. Жетекшіміз Әсел апай үйренемін деушілерге көмектесетінін айтқан. Уақыт оздырмай алғашқы сабақтар басталып кеттті. Әліпбиді дәптерге жазып алдым. Енді карточкаларға жазып, жаттап алу қалды.

           Массагетпен бірге мақсаттарыма жетіп жатырмын. Демалысымды бос өткізбейтініме қуаныштымын. Тарих пәнінен тақырыптық тест тапсырып, Кемеңгерлік қыздармен ағылшына сөйлесіп сөздік қорымды кеңейтіп жатырмын. Алда атқарылар шаруа көп. Сондықтан арнайы жоспар құрып, жоспар бойынша жұмыс жасап жатырмын. Осындай қарқынмен жұмыстансам мақсаттарыма жетеріме сенемін. Себебі, маған, кемеңгерлік қыздарға сенім артып отырған жандар бар. Алғашқы күннен жанкүйерлеріміздің пайда болғаны бізді қуанып қана қоймай жігер берді. Әсел апайдың әр сөзі бізді қанаттандырып мотивация береді. Бүгінде топ қыздарымен жақын араласамын. Жан-жақтан жинап, басымызды қосқан Массагет ұжымына ерекше алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық табыс тілейміз. Барлық қатысушыларға сәттілік!